Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің жақында әке атанатыны рас па (видео)

Жарияланған күні:

Тәуекел Мүсілім жарымен демалыста
Видеодан кадр: Instagram/mussilim

Демалыста жүрген Тәуекел Мүсілім мен оның жары желіде қызу талқыға түсті. Оған ерлі-зайыптылардың Мысырда түсірген видеосы себеп болған. Оқырмандар бейнежазбадан Махаббат Мүсілімнің аяғы ауыр екенін байқап қалып, белгілі актердің жақында әке атанатынын болжап жазуда. Жас жұбайлар көпшіліктен жасырып жүрген құпияларын байқаусызда жариялап қойған ұқсайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының асқан қызығушылығын тудырған видеоны Тәуекел Мүсілімнің өзі Instagram Stories арқылы ел назарына ұсынған. Бейнежазбада жас жұбайлардың теңіз жағасында жүргенін аңғаруға болады.

Алайда, қатты соққан жел салдарынан Махаббат Мүсілімнің көйлегі денесіне жабыса кетіп, оның бар мүсінін айқындап көрсетіп қояды. Актер келіншегінің іші шығып қалғаны бірден барша желідегілердің көзіне түседі.

Махаббаттың өзі де жел кесірінен іші көрініп қалғанын байқап, оны жасыру үшін тез арада жолдасын құшақтап алады. Бірақ, көзі қарақты көрермендер жұлдызды жанұяға түскен келіннің аяғы ауыр екеніне кәміл сенімді.

Бұл жаңалыққа қатысты Тәуекел мен Махаббат Мүсілім әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Ерлі-зайыптылар ақпаратты не растаған да, не теріске шығарған да жоқ.

Желідегілердің басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызы жақында әке атанатынын болжап жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім мен оның жары карантин шаралары күшейтіліп жатқанда шетел асып кеткендерін хабарлаған болатынбыз.

Шектеу шаралары кесірінен үйлену тойын өткізе алмаған ерлі-зайыптылар, шекара ашық тұрғанда бал айына барып үлгеруді шешкен. Әдетте, анасын бірге алып жүретін актер бұл демалысына тек әйелімен ғана аттанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879505-tuekel-msilimni-zakynda-ke-atanatyny-ras-pa-video/