Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова желіде жұлдыз болған әйгілі түрік қасапшысымен кездесті (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова Нұсретпен бірге
Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Біріккен Араб Әмірлігінен кейін Түркия елінен бір-ақ шықты. Демалысын Стамбұл қаласында жалғастыруды шешкен Қайрат Нұртастың анасы онда күллі әлемге әйгілі түрік қасапшысы Нұсрет Гөкшемен кездескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram жұлдызына айналып кеткен танымал қасапшымен кездескені туралы бірінші болып, өз оқырмандарына жеткізген.

Белгілі продюсер Стамбұлда Нұсреттің мейрамханасына арнайы барып, оның әзірлейтін етінің дәмін татып қайтқан.

Қайрат Нұртастың анасы белгілі түрік қасапшысымен суретке және видеоға түсіп, оны өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.

Белгілі болғандай, Нұсреттің мейрамханасындағы кешті Айдарбекованың құрметіне құрбысы Айнұр Тұрсынбекова ұйымдастырған. Продюсер ханым керемет отырысын үшін оған алғысын үйіп төккен.

"Еңбектің жемісі деп осыны айт. Нұсрет жарайсың. Айнұр замандас құрбыма рақмет, керемет кеш болды" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Біріккен Араб Әмірлігінде Дубай қаласында екі ұлымен демалып қайтқан болатын. Ол шетелдегі демалысына Қайрат ен Аянмен барған.

Қайрат Нұртастың анасы желіде демалыстары қалай өтіп жатқанын белсенді түрде бөліскен еді. Ол Instagram парақшасында ұлы Аяннның қымбат көлік айдап бара жатқан видеосын жариялады.

Оған қоса, жұлдызды әулет ол жерде Еспановтардың отбасымен кездесіп қалып, олармен бірге уақыт өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879677-glzira-ajdarbekova-zelide-zldyz-bolgan-jgili-trik-kasapsysymen-kezdesti-video/

pixel