Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойын жасаған Қуандық Рахым қайынжұртымен қоса айыппұл төлейтін болды

Жарияланған күні:

Той
Фото: qaz.stars

Қарағанды облысындағы мейрамханалардың бірінде жұлдыздарды шақырып, үйлену тойын жасаған Қуандық Рахым да, Түркістан облысында ұзату тойын жасаған оның қайынжұрты да айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім болғандай Жезқазғанда демалыс күндері әнші Қуандық Рахымның үйлену тойы өтіп, тойға 70-тен астам қонақ жиналған. Той қонақтарының ішінде қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстарынан бөлек, басқа да танымал сахна әртістері болған.

Нақтырақ айтсақ, Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары бар.

Той қонақтары жиыннан фото және видеоларды өздерінің Іnstagram-парақшаларына салып қойған. Бұл жайт оқырмандардың ғана емес, жергілікті мобильді топтың да назарын аударған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен полиция қызметкерлері заң бұзушылықты тіркеп, мекеме басшылығы мен той иелері карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда "Ұлытау" мейрамханасында 70-ке жуық адамның қатысуымен үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласының полиция басқармасында тіркелген. Жеке кәсіпкер мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады", - дейді Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Әнел Бегімбаева.

Сонынмен қатар Қуандық Рахымның қайынжұрты да айыппұл төлейтіні белгілі болды деп жазады "ҚазАқпарат". Отырар ауданының Шәуілдір ауылында қыз ұзату тойы өтіп, оған әншінің жарының туған-туыстары мен ауылдастары жиналған.

"Аталған ауданда құрылған мобильдік топ осы жайтқа қатысты тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша хаттама толтырған. Той жасаушы тұрғынға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Рахым шаңырақ көтергенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Қуандық Рахымның шаңырағындағы беташар той қалай өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880632-jlenu-tojyn-zasagan-kuandyk-rahym-kajynzrtymen-kosa-ajyppl-tlejtin-boldy/