Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пандемияға қарамастан": Әнші Айқын отбасымен Мысырға кетіп қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/aikyn

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген дүниежүзінде жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан бала-шағасымен шетел асып кеткен. Шоу-бизнес жұлдызы жанұясымен бірге Мысыр елінде демалып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген пандемия мен вирусқа қарамастан отбасымен шетелге кетіп қалған. Өнер иесі бұл шешімінің өзіндің маңызды себебі де бар екенін түсіндіріп өтті.

Анықталғандай, бүгін әнші мен оның жары Жұлдыз Өмірғалидің таныстығына бес жыл болған. Ерлі-зайыптылар атаулы күнді қалай болғанда да ерекше есте қаларлықтай атап өткісі келген. Соған байланысты бала-шағасымен бірге Мысыр елінен бір-ақ шыққан.

Бұл демалысқа Айқын келіншегі мен екі баласымен барған. Жұлдызды жанұя Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған.

Эстрада жұлдызы өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай, шетел асып бара жатқанын Instagram парақшасында көпшілікке жария салған.

"Бүгін Жұлдыз Өмірғали екеуіміздің таныстығымызға 5 жыл. Сондықтан еш пандемия мен вирусқа қарамастан біз бұл кішігірім юбилейді Египетте өткіземіз деп шештік. Оның үстіне антителамыз бар" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мысырда тағы да бір жұлдызды жұп демалып жатыр. Тәуекел мен Махаббат Мүсілім карантин салдарынан тойын өткізе алмаса да, бал айына шетелге кетіп қалды.

Сонымен қатар, жас жұбайлар жақында алғаш рет ата-ана атанбақ. Желіде жарияланған видеодан Махаббат Мүсілімнің іші шығып қалғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880645-nsi-ajkyn-pandemiaga-karamastan-otbasymen-mysyrga-ketip-kaldy-foto-video/

pixel