RU

"Ойымда бар": Белгілі әзілкеш жарының көзінше екінші әйел алатынын айтты

Ақболат Өтебай жарымен сұхбат кезінде
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал әзілкеш Ақболат Өтебай өз жарына сұхбат беріп, оның көкейінде жүрген бірқатар маңызды сұрақтарына жауап берді. КВН жұлдызы келіншегінің көзінше екінші әйел алу ойында бар екенін жасырмай айтты. Оның бұл мәлімдемесінен кейін жұбайы қандай әсерде қалғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Ақболат Өтебай Youtube желісіндегі "Мәміле" бағдарламасы аясында келіншегіне жан сырын ақтарып тастады. Әзілкештің жары бұған дейін қоя алмай жүрген барлық сұрақтарын жаудырып тастады.

КВН жұлдызы олардың барлығына дерлік жақсы жауап беруге тырысқан. Тек бір сауалға қатысты айтқаны жарының көңіліне қаяу түсірсе керек.

Ол екініші әйел алу мәселесі туралы ойын ортаға салып, жұбайын ренжітіп алған көрінеді. Ақболат Өтебай жарының көзінше тағы да бір келіншек алу жоспарында бар екенін жасырмай-ақ айтты. Алайда, әзілкеш бұл ойлағаны бұйратын болса ғана іске асатынын жеткізді.

"Қарсы болмайды ғой. Кім қарсы болады? Менің өзімнің жеке ойымда ол нәрсе бар. Бірақ, ол бұйырғаны. Тағдырда жазылса болады. Қанша жерден қаласақ та, жазылып қойған болса, алу керек болса, сен қанша жерден қарсы болсаң да, бүкіл әлем қарсы болса да алынатын зат алынады. Егер тағдырымызда болмай, Алла қаламаған болса, мен қанша жерден қалап, сендер де алып бермекші болсаңдар да болмайтын зат болмайды. Бірақ, бұйырған қашпайды. Бұйырады деп ойлаймын. Бұйырсын" , - деп ағынан жарылды Ақболат Өтебай.

Айта кетейік, бұған дейін Айқынның екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали оның үшінші мәрте үйленуіне қатысты пікір білдірген болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880659-ojymda-bar-belgili-zilkes-zaryny-kzinse-ekinsi-jel-alatynyn-ajtty/