Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беташарды мазақ етіп бітті": Асхат Садырбай тойшыл қауымға шүйлікті

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай той-томалақтарда ұлттық салт-дәстүрлерді мазақ етіп жүргендерге шүйлігіп шықты. Ақпарат өкілі қазіргі қоғамның өзі қазақи құндылықтарды қорлап, таптап жатқанда атышулы Боратқа ренжу орынсыз екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай желіде бүгінгі күннің беташарлары қалай өтіп жатқанына куә болып, күйінгеннен Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Белгілі журналист онда ұлттық салт-дәстүрді күлкіге айналдырған қоғамды аяусыз сынап, тойлардың берекесі кеткенін жазды.

Сонымен қатар, ақпарат өкілі өз салтын өзі құрметтей алмай жүрген адамдардың Боратқа ашуланып жатқанына қатты таңғалғанын жеткізді. Оның сөзінше, беташар сынды дәстүрлерді мазақ еткендердің қылығы атышулы тұлғаның тірлігімен пара-пар.

"Беташар. Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты. Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира Байырбектің туған сіңлісі әрі танымал журналист Назира Байырбек өзін "Бораттың қарындасы" деп атағаны үшін намыстанбайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880705-betasardy-mazak-etip-bitti-ashat-sadyrbaj-tojsyl-kauymga-sjlikti/

pixel