RU

"Жылап жіберді": Ақбота Керімбекова Сиви Махмудиді қалай ренжіткенін еске алды

Ақбота Керімбекова
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова өнердегі сіңлісі Сиви Махмудимен байланысты даулы оқиға жайында алғаш рет пікір білдірді. Эстрада өкілі оны әнші ретінде санамайтынын айтып, қатты ренжітіп алған. Қос әртіс арасында туындаған мәселе қалай аяқталғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Сиви Махмуди өзімен бір сахнада өнер көрсетіп жүрген Керімбековадан мұндай сөзді мүлдем күтпеген. Өнердегі әпкесінің сынынан кейін ол сұхбат беріп, өз өкпесін жеткізді.

Алайда, Ақбота Керімбекова оған қарамастан әлі де сол пікірінде қалған. Ол кәсіби тұрғыда Сивиді әнші деп есептемейтінін кесіп айтты. Өнер иесі шулы сұхбатынан кейін оған Махмуди жылап хабарласып, ренішін білдіргенін алға тартты.

Керімбекованың сөзінше, Сиви өзінің әнші емес екенін мойындап отыр. Қос жұлдыздың дауы туралы тың мәліметтер "Ойбай шоу" бағдарламасында белгілі болды.

"Менің түсінігімде әр адамның өз мамандығы болады. Әркім өз саласында ас болу керек. Өз мамандығында мықты, білімді болу керек. Ол кезде айтқым келгені: ол мен үшін кәсіби әнші емес. Ол мен үшін ғана, менің жеке пікірім. Неге халық менің жеке ойыма жаман пікірлер жазу керек? Айналып келіп үш байымды қозғайды. Ол менің жеке ойым. Мен оны тыңдамасам да, оның өз тыңдармандары бар ғой. Негізі Сиви - журналист.
Мейлі, ән айтқысы келетін шығар. Менің оған ешқандай қарсылығым жоқ. Мен оның жеке намысына тиетін сөз айтпадым. Жекеге өтпедім. Кәсіби тұрғыда әнші деп санамаймын дедім. Сиви маған ренжіді ғой, жылап жіберді. "Неге олай айтасыз, мен білемін әнші емес екенімді" деді. Мен оған түсіндірдім. Мен жеке нәрсе айтпадым. Тек мен үшін кәсіби әнші емессің, мұрнымды кесіп ал дедім.Өзі біледі. Ол өнер саласында оқыған болса, ол оған ренжімес еді деп ойлаймын" , - деді Ақбота.

Айта кетейік, жұлдыздар арасындағы дау Ақбота Керімбекованың ақпан айында берген сұхбатынан кейін орын алды. Ол кезде өнер иесі Сиви Махмудиді әнші деп санамайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880754-zylap-ziberdi-akbota-kerimbekova-sivi-mahmudidi-kalaj-renzitkenin-eske-aldy/