"Бәрі жалған": Сиви Махмуди Керімбекованың айтқанын жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнесте Ақбота Керімбекова мен Сиви Махмудидің арасындағы дау әлі де басылар емес. Қос жұлдыз бір-бірінің сөзін жоққа шығарып, мәселені әлі де шеше алмай жатқан көрінеді. Сиви Махмуди Керімбекованың соңғы сұхбатынан кейін оған жауап беруді жөн көрген. Ол өнердегі әпкесінің өзі туралы айтқанының бәрі жалған екенін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сиви Махмуди өзінің Ақбота Керімбековаға жылап, әнші емес екенін мойындағанын жоққа шығарды. Ол эстрада жұлдызына мұндай сөздерді айтпағанын алға тартып, оның берген ақпараты жалған екенін жеткізді.
Бұл туралы ол "Ойбай шоу" бағдарламасына берген сұхбаты кезінде айтты. Өнер иесі әлі жалғасын тауып келе жатқан даулы тақырыпты жауып тастауға шақырды. Сиви Махмуди жасы кіші болғандықтан кішіпейілділік танытып, өнердегі әпкесін шын ниетімен кешіргенін растады.
"Өтірік ақпарат тарап кеткеннен кейін сіздерге жауап беруді шештім. Біріншіден, Ақбота ханым хайп үшін рахмет. Бірақ, маған хайп керек емес. Себебі, ондай дүниеден құдай сақтасын. Халықтың алдында сізбен ұрысып жатқым келмейді. Мен қаршадай отыз жастағы қызбын сіздің алдыңызда. Не болса дда өзара шешуіміз керек еді. Сіз жалған ақпарат айтқаннан кейін мен өз шындығыммен бөлісуім керек. Бұл өзімді ақтау емес, тек шын мәнісін айту.
Біріншіден, мен сізге жылаған емеспін. Құдай сақтасын, құдай жылатпасын. Екіншіден, мен өзімді әнші емеспін деген емеспін. Соның бәрін естіп таңғалып отырмын.Негізі жабылған тақырыпты қайта қозғамай-ақ қою керек еді. Не деймін, аман болайық, бақытты болайық. Мен сіздің ала жібіңізді аттадым деп ойламаймын. Тақырып жабылсын, қалсын. Мен сізге тек қана аманшылық пен бақыт тілеймін. Алла разылығы үшін сізді кешірдім" , - деді Сиви Махмуди.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880878-bri-zalgan-sivi-mahmudi-kerimbekovany-ajtkanyn-zokka-sygardy/