Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқаларға қимаймын": Айдарқұлов Ақботамен қосылғысы келіп жүргені рас па

Жарияланған күні:

Дәурен, Ақбота Айдарқұловтар
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Екі мәрте ажырасып, ел арасында қызу талқыға қалған актер Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдерінің қайтадан тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бірінші жарының отау құруына қарсылығы жоқ екенін алға тартса, Ақбота Сейітмағамбетті әзірге ешкімге қимайтынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов екінші жарын әлі де қимай жүргенге ұқсайды. Көпбалалы актер Ақбота Сейітмағамбеттің қайтадан тұрмыс құрғанына дайын емес екенін жеткізді.

Ол екінші әйеліне деген сезімі басылмағандықтан оны басқа адаммен елестету өзіне қиын екенін мойындады. Бұл туралы Айдарқұлов "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтып өтті.

"Олардың тұрмысқы шығып, бақытты болуларына қарсы емеспін. Бірақ, Ақботаға деген сезімім әлі суыған жоқ. Сол себепті, мен сондай жаңалық естіп жатсам бір түрлі жағдайда боламын. Қайтадан көп ойлана бастайтыным анық. Бірақ, енді бұл өмір. Болған кезде көре жатармыз. Мен Ботаның басқамен бірге болатынына қынжыламын. Балаларымның өгей әкемен өсуіне қарсы емеспін. Менің екі келіншегім де ақылды жандар. Олар маған қарағанда адам таңдай алады. Келесі жолы да олар жақсы әрі білімі адамды таңдайтынына күмәнім жоқ. Олар қателеспейді. Оған сенімдімін" , - деді Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бірінші жарына деген сезімін айтқан болатын. Ол үш баласының анасымен қалай танысып, не себепті оған үйленгенін жайып салды. Актердің отбасын құруына ата-анасы мен айналасындағы достары әсер еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881149-baskalarga-kimajmyn-ajdarklov-akbotamen-kosylgysy-kelip-zrgeni-ras-pa/