Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талантты қазақ баласы әйгілі шетелдік әншімен трэк жазды (видео)

Опубликовано:

Иманбек Ашер и Маршмэллоу
Фото: Instagram/usher

Павлодар облысының тумасы Иманбек Зейкенов британиялық диджей Marshmello мен АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп трэк жазды. Талантты қазақ баласының әлемдік жұлдыздармен шығарған "Too Much" атты туындысы тыңдармандарға жол тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Too Much" әнінің жазылуына үлес қосқан үш музыканттың Instagram парақшаларынан белгілі болды. Дүниежүзіне танымал Marshmello мен Usher отандасымызбен бірлесіп іске асқан жұмыстың жемісті боларына сенімді.

"Marshmello мен Иманбекпен бірге шығарған "Too Much" трэгім жарыққа шықты. Видеосы ертең. Сілтеме био-да" , - деген жазба қалдырды Usher.

Оған қоса, америкалық әйгілі әнші қос өнерпазбен түскен фотосын жариялап қойған.

Еске сала кетейік, Imanbek лақап атымен белгілі жас отандық диджей 2019 жылы Saint Jhn орындауындағы “Roses” әнінің ремиксімен бүкіл әлемге танымал болған еді. Бұл ремикс дүниежүзі бойынша көптеген чартқа енді, ал Shazam әлемдік тізімінде 3-орын алды.

Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғыны. Мамандығы - теміржолшы. Жас жігіт әлі де осы салада еңбек етуде. Ал музыкамен айналысуды ол тек хоббиі ретінде көреді.

Айта кетейік, белгілі әнші Марат Омаров қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген тағы бір тума талантымыз Димаш Құдайбергенге айтқан ерекше ұсынысы жайлы жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы Димаш Құдайбергеннің азан айтқанын естіп көргісі келетін болып шықты. Ол өнердегі інісінің кең диапазондағы даусы мына қиын кезеңде тыныштық пен жақсылықты шақыратынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881191-talantty-kazak-balasy-jgili-seteldik-nsimen-trek-zazdy/

pixel