RU

"Екеуімен де болғым келді": Айдарқұлов екі жарымен де ажырасқысы келмегенін айтты

Дәурен, Ақбота Айдарқұловтар
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Атышулы Дәурен Айдарқұловтың жеке өмірі әрқашан ел аузында. Көптен бері сұхбат бермей кеткен актер барынша ашылып, екі мәрте ажырасуына қатысты бар шындығын айтып тастады. Белгілі болғандай, ол екі әйелімен де тұрғысы келген екен еп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов екі келіншегімен де ажырасу ойында болмағанын алға тартты. Атышулы актер екі жарымен де өмір сүре бергісі келген. Алайда, көпбалалы әкенің бұл жоспары оның сүйіктілеріне ұнай қоймаған.

Нәтижесінде өнер иесі бірінші алғашқы жарымен арақатынасын үзсе, кейін екінші әйелімен де заңды түрде ажырасып кетті.

КВН жұлдызы жеке өміріне қатысты біраз тың мәліметтерді "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Бастапқыда Ботамен қосылғанда мен ешкіммен ажырасқым келмеген. Бірінші келіншегіммен де, екінші әйеліммен де ажырасу ойымда болмаған. Екеуімен де болғым келді. Бірақ өз күшіме көп сеніп қойдым, өзіме көп алып қойдым. "Еке кеменің басын ұстаған суға кетеді" демекші, қазір мен судың түбінде жатырмын. Бұл жерде де жаман емес. Қызығы, осы аралықта мен түсінгенім үшінші жар табу өте оңай.
Менің хикаяммен енді әйел табу қиынға соғар деп ойлаған едім. Бірақ, олай болып шықпады. Қалаушылар көп болып шықты. Бірақ, әзірге ондай ойлардан бас тартудамын. Уақыт өтсін, өзіме келіп алайын. Оның үстіне аяққа тұрып алуым керек. Мына дағдарыспен қаржылық жағдайым нашарлап жатыр" , - деді Айдарқұлов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бірінші жарына деген сезімін айтқан болатын. Ол үш баласының анасымен қалай танысып, не себепті оған үйленгенін жайып салды. Актердің отбасын құруына ата-анасы мен айналасындағы достары әсер еткен.

Сонымен қатар, өнер иесі Ақбота Сейітмағамбетке деген сезімі әлі өшпегенін мойындады. Ол экс-жарын басқаға қимайтынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881271-ekeuimen-de-bolgym-keldi-ajdarklov-eki-zarymen-de-azyraskysy-kelmegenin-ajtty/