Дәурен Айдарқұлов: Үшінші әйел ретінде хиджаб киген қызды іздеп жүрмін
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі рет ажырасып кетсе де, үшінші мәрте отау құруға ниетті екенін жасырмады. Көпбалалы әзілкеш тіпті қалыңдықты іздеуді бастап кеткен. Алайда, бұл жолы ол болашақ жарына деген талаптарын өзгерткен. Енды өнер иесі тек хиджаб киген аруды таңдайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Айдарқұлов екі некесі де сәтсіз аяқталғанымен мойымай, өз бақытын үшінші рет сынап көрмек. Өнер иесі бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбетті қимай жүрсе де, қалыңдықты іздестіруді бастап кеткен.
Бірақ, бұл жолы белгілі актер болашақ әйеліне деген талаптарын күшейтіп тастаған. Ол үшінші келіншегі ретінде тек оранған хиджабтағы қызды ғана алатынын айтты. Айдарқұлов "Talk Like" бағдарламасында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды.
"Енді үшіншісін іздеп жатырмыз. Негізі қарайласып жүрмін. Бірақ, енді болашақ жарымды хадиске сай таңдаймын. Яғни, оның сұлулығына, тегіне, жағдайына және иманына қарау керек. Төртінші қағида ең маңызды әрі бастысы болып табылады. Сол себепті, мүмкіндік болса, Алла тағаладан үшінші жар ретінде оранған хиджабтағы аруды сұрап жұрмін" , - деп айтты Айдарқұлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бірінші жарына деген сезімін айтқан болатын. Ол үш баласының анасымен қалай танысып, не себепті оған үйленгенін жайып салды. Актердің отбасын құруына ата-анасы мен айналасындағы достары әсер еткен.
Сонымен қатар, өнер иесі Ақбота Сейітмағамбетке деген сезімі әлі өшпегенін мойындады. Ол экс-жарын басқаға қимайтынын ашып айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881398-duren-ajdarklov-sinsi-jel-retinde-hidzab-kigen-kyzdy-izdep-zrmin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.