Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге көтермей жүрсің": Мадина Оспанова өзіне орынсыз сұрақ қойғандарға шүйлікті

Опубликовано:

Мадина Оспанова
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық кино саласының жұлдызы Мадина Оспанова өзінің балалы болмай жүргенін сөз еткендерге ашуланып шықты. Жас актриса оларды орынсыз сұрақ қойғандары үшін сынап, бар-ойын айтып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Оспанова өзінің бала көтермей жүргенін аңдып, соны қызу талқылап жатқан көпшілікке деген ренішін жеткізді. Оның ойынша, бұл тақырып аясында қойылған сұрақ мүлдем орынсыз.

Актриса балалы болу ерлі-зайыптылар арасында ғана айтылатын мәселе екенін алға тартты.

Оған қоса, өнер иесі келіндік қызметін қалай атқарып жатқанымен де бөлісіп үлгерді. Бұл туралы ол "Ойбай шоу" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Неге бала көтермей жүрсың әлі" деп айтатындар көбейіп кетті. Кімнің қандай жұмысы бар? Құдай сақтасын, бәлкім, ол адамның өз проблемалары бар шығар. Мүмкін жұбайының проблемалары бар шығар. Ол жеке сұрақ. Өте орынсыз қойып жатырсыздар. Бұл тақырыптағы сұрақтар көңіліме тимейді. Себебі, адамның деңгейі сондай болып тұр ғой. Не үшін ренжимін? Бұйырған кезде деп айтып қоямын. Оған менің мансабын кедергі емес. Мен Алла тағала беріп тұрғаннна ешқашан қашқан емеспін.
Күнделікті таңертең үйдегілерге, бүкіл туыстарыма сәлем саламын. Сәлем слау керек дегенннен емес, "қырықтың бірі қыдыр"дейді ғой. Олар маған бата береді ғой. Біреуінің болмаса біреуінің батасы періште құлағына шалынып, қабыл болады. Сол себепті, мен өзімнің келіндік парызымды өтеуден жалықпаймын. Мен одан қашпаймын. Маған өзіме ұнайды" , - деді Мадина Оспанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881403-nege-ktermej-zrsi-madina-ospanova-zine-orynsyz-srak-kojgandarga-sjlikti/