Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова: Бұрын мен үшін қысқа кию ұят болатын

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото:: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы "ұят" тақырыбына қатысты өз ойымен бөлісті. Айжұлдыз Адайбекова қазақ қоғамында бұрыннан тыйымдар өте көп екенін алға тартты. Бүгінде дизайнерлікті қолға алған ару бұған дейін қысқа киіп, артық сөйлеген дұрыс емес деп есептеген айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова ұят тақырыбына қатысты ой-толғауымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда ол өзі үшін аса ерсі болып табылатын нәрселерді тізіп шығып, өмірлік тәжірибесінің арқасында түйгенін айтты.

"Ұят. Сен үшiн ұят деген не? Бұрын мен үшiн шаш жаю, қысқа кию, артық сөйлеу, қатты күлу, бояну, бәрі ұят болатын. Менталитет?- мүмкiн. Қоршаған орта?- мүмкiн Бiр нәрсенi түсiндiм- адамға тыйым қойған сайын, ол одан әрi сол заттарды жасайды. Кәзiр қарасам, бұның бәрi үлкен шектеу және де ол шектеу пен ойлар менікі емес. Сондықтан- "ұят" деген сөздiң мағынасын- бiреудiң оттаған әңгiмесiмен шатастырма, шектеме. Егер қателессең де өмiр бойы сабақ болады. Өмір жалғыз ғой. Бір мүмкіндік қана беріледі. Өмірдің мәні өмірдің өзінде" , - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекованың жолдасы Қыран Талапбек жұлдызды енесімен таныстығы қалай өткенін айтып берген болатын. Белгілі блогер Жанар Айжановамен кездесер алдында қатты қобалжығанын жасырмады.

Ол өнер саласындағы достарынан болашақ енесі туралы сұрастырғаннан кейін одан қорқып қалған. Алайда, күйеужігіт босқа уайымдап шыққан. Енесі мен күйеу баласының кездесуі өте сәтті өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881439-ajzldyz-adajbekova-bryn-men-sin-kyska-kiu-at-bolatyn/

pixel