Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында қалыңдық атанған Say Mo енесімен түскен суреттерімен бөлісті

Опубликовано:

Say Mo енесімен
Фото: Instagram/say_mo__

Қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші болашақ енесімен түскен суреттерін жариялап, елді таңғалдарды. Жақында ғана сүйіктісінің ұсынысына "иә" деп жауап берген сылқым оның анасымен бұрыннан таныс болып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Есембек енді ресми түрде танымал актер Шәріп Серіктің қалыңдығы болып табылады. Барша жұлдызды достарының көзінше әнші аруға үйленуге ұсыныс жасаған жігіт оны анасмыен таныстырып тастаған болып шықты.

Say Mo Instagram желісіндегі парақшасында енесімен бірге түскен суреттерін жариялап, елді тәнті етті. Ол болашақ жолдасы мен оның анасымен бір тойға барып, көңіл көтеріп қайтқан.

"Анашым, керемет ұл сыйлағаныңызға рахмет! Сізді жақсы көремін" , - деп жазып қойған әнші фото астына.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, Мөлдір Есембектің енесі қорғаушы болып жұмыс істейді.

Бұл жазбалардан кейін желі қолданушыларының басым көпшілігі енесі мен келінінің таныстығы ұсыныстан бұрын орын алғанын болжады. Олардың ойынша, Шәріп Серік маңызды қадам жасамай тұрып, сүйіктісін анасына көрсетіп үлгерген.

Актердің анасы болашақ келінінң жариялаған суреттерінің астына "менің қызым" деп жазып кеткен.

Енесі мен келінінің аса жылы арақатынасы қалың көпшілікке ұнап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Алайда, пікір білдірушілер арасында аталмыш фотоларды сынап тастағандар да болды.

"Енеге деген сыйластығы керемет екен" , "Желідегі әрекеттері ұнамаса да, енесіне деген әрекеті ұнап жатыр" , "Енеңіз сұлу екен. Недеген сыйластық. Мұндай арақатынас көпке арман" , "Түсінігі мол әйел секілді. Жолың болды Мөлдір", "Енесімен осылай суретке кім түседі?" , "Енесімен түр жасап түскен ерсі көрінеді екен" , - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881681-zakynda-kalydyk-atangan-say-mo-enesimen-tsken-suretterimen-blisti/

pixel