Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят болады": Асхат Тарғын ұтыс кесірінен дауға қалған Ернар Айдарға ақылын айтты

Опубликовано:

Асхат Тарғын
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдардың ұтыс ойнына қатысты пікірталас әлі де басылар емес. Бұл жолы әншінің тап болған жағдайына қатысты ойымен алданып қалғандар емес, оның өнердегі ағасы Асхат Тарғын бөліскен. Ол жұлдызды інісіне өз ақылын айтып, халықтың ақшасын қайтаруға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Тарғын халықтың ақшасымен ойнауға болмайтынын алға тартып, Ернар Айдарға алданып қалғандардың ақшасын қайтаруға кеңес берді. Өнер иесінің айтуынша, ұтысқа қатысып, ақшасынан қағылғандардың тізімі де жария болған.

Асхат Тарғын ағалық ақылын Алматы арнасындағы "Paparazzi" бағдарламасы арқлыы жеткізген.

"Әрине, халықтың ақшасын қайтару керек. Болмайды олай. Ол жерде тіпті тізімде бар. Кім қанша билет және қаншадан алғаны анық жазылып тұр. Барлық мәліметтер компьютерде тұр. Қанша 100 миллион деді ма? Соны тізім бойынша тарату керек негізінде. Ол халықтың ақшасы ғой. Ертең ұят болады" , - деді Асхат Тарғын.

Еске сала кетейік, Ернар Айдар 23 сәуірде күллі Қазақстанды шулатқан болатын. Бір бөлмеде он екі адаммен жиналып, онлайн түрде ұтыс ойнатқан өнер иесін ТЖ режимін бұзғаны үшін полицейлер құрықтады.

Кейін әнші өзінің ұсталуына қатысты пікір білдіріп, алаяқтарға алданып қалғанын айтты.

Бұл оқиғадан кейін өнер иесін желіде көпшілік аяусыз сөгіп тастады. Олар Ернар Айдарға сеніп, ақшаларынан айырылып қалғандарын алға тартты.

Эстрада жұлдызы жағдай ушығып кетпей тұрғанда мәселенің мән-жайын өзі түсіндіріп беруге тырысқан. Ол Аман Тасығанға берген сұхбатында оңай олжаға қызыққанын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881697-at-bolady-ashat-targyn-tys-kesirinen-dauga-kalgan-ernar-ajdarga-akylyn-ajtty/

pixel