Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова: Мына заманда махаббатқа сенуге болады ма өзі

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасованың жеке өмірі бүгінде желіде қызу талқыда. Көпшілік өнер иесінің ажырасып кеткенін болжауда. Олардың мұндай пікір білдіруіне әншінің мұңға толы жазбалары себеп болған. Соңғы уақытта ол парақшасында бар жан сырын ақтаратын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде бұрынғыдан да белсенді болып, барынша оқырмандарына жақын болуға тырысып жүр. Эстрада жұлдызы олармен түрлі тақырыпты қозғап, пікір алмасуда.

Соңғы кезде ол Instagram парақшасында махаббат туралы көптеп жазып, мұңайып отырған суреттерін жиі жариялай бастады.

“Мен сені сүйем” дегенді қашан соңғы рет айтты сізге? Махаббатқа сенуге болады ма өзі мына заманда? Әлде ол тек кітап пен кинода ғана ма.? Әлде бейнебаянда ғана бар ма?" , - деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары сүйікті әртісінің кезекті жазбасынан кейін ол үшін қайта уайымға салынған. Олар өнер иесінің көңіл-күйі болмай жүргенін байқап, оны мықты болуға шақырды.

"Көңіл-күйіңіз болмай жүрген секілді. Жазбалардың барлығында мұң бар" , "Мадина неге махаббат жоқ дейсің .Шын сүйіп қосылғандар өмір бойы махаббат пен өмір сүреді. Сендердің жастарыңда махаббаттың жалындап тұрған шағы емес пе? Махаббаттан көңілің қалды ма?" , "Сізге бір нәрсе болып жүр. Өміріңізде бәлкім өзгеріс те орын алған шығар. Бірақ, не болса да , мықты болыңыз. Сіз еңсере алмайтындай проблема жоқ шығар бұл өмірде" , - деп жазуда олар.

Айта кетейік, Сәдуақасова бұған дейін де аса әсерлі жазба жариялап, елді алаңдатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881850-madina-sduakasova-myna-zamanda-mahabbatka-senuge-bolady-ma-zi/

pixel