Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди Керімбековамен дауына шын мәнінде не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди Ақбота Керімбекованың өзіне не үшін өкпелі екені туралы бар шындықты айтты. Ол өнердегі әпкесі екеуінің арасында туындаған мәселеге шын мәнінде не себеп болғанын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди бүгінде көпшілікке тарап кеткен Ақбота Керімбекова екеуінің дауы неден бастау алғанын ашып айтты. Оның ойынша, өнердегі әпкесі оған әнін той-томалақтарда орындағаны үшін ренжіп қалған.

Махмуди "Мен қазақ қызына қайран қалам" әнін думанды шарада орындау үшін Керімбековаға арнайы хабарласып, рұқсатын алады. Алайда, қарбалас салдарынан өлеңнін аражировкасын ауыстырып үлгермей, ол өнердегі әпкесі шырқап жүрген нұсқамен шыққан.

Аталмыш тойға қонақ ретінде барған Керімбекова аранжировкасын ауыстырмай, ел алдына шыққан сахналас сіңлісіне деген өкпе-ренішін білдірген.

Сиви Махмуди бар шындықты өзінің Instagram парақшасында ақтарды. Ол тіпті даудың басталуына түрткі болған тойдың видеосымен де бөліскен.

“Соңғы кездерде Ақбота ханым екеуміздің арамыздағы түсінбеушілікті сіздер түсінбей жүрген боларсыздар. Әрине, басында өзім де ол кісінің маган не ушін өкпелі екенін, түсінбей жүрдім. Осы ұзату тойдағы орындаған әнім Ақбота екеуміздің арамыздағы түсінбеушілікке қатысы бар деп ойлаймын. Енді калай болғанына нақтырақ тоқтала кетейін. Ақбота ханымның жақын құрбысы қызын ұзатпақшы болып мені қызын ұзатсын деп шакырады.

Ол ұзатуда мен "Казактың кызына кайран қалам" атты әнді орындағым келіп, алдын ала Ақбота ханымның алдынан өтіп рұқсатын алған болатынмын. Әрине ол баршасы орындап жүрген Рамазан Таймановтын әні, үнемі Ақбота ханым орындап жүргендіктен бірауыз рұксат сұрадым. Әрине, "орындай бер" деп ол кісі келісімін берген болатын. Сол күнгі ұзату тойға қонақ болып Акбота ханымның өзі келіп, менің орындағанымды көреді де маған деген кішкене ренішін білдіреді. Ол не реніш деп ойлайсыздар?

Әрине тойға асығыс шығу салдарынан мен өзіме арнап арнайы аранжировка жасатып үлгермедім де, сол кісінің аранжировкасымен шықтым. Соған ол кісі ренішін білдірді. Бұл жерде ол кісі түсіністікпен караса да болатын еді деп ойлаймын. Арамыздағы барлық жағдайдың мән жайы осы. Жалпы өзім үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету дегенді жаксы білетін жанмын, ол кісінің алдын орайын деген еш ниетім де, ойым да болған емес" , - деп жазды Махмуди.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882047-sivi-mahmudi-kerimbekovamen-dauyna-syn-mninde-ne-sebep-bolganyn-ajtty/

pixel