Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл менің дебютім": Динара Сәтжан Ақан Сатаевтың киносына түсті (видео)

Опубликовано:

Динара Сәтжан мен Ақан Сатаев
Фото: Видеодан кадр

Бүгінде журналистік әрі дизайнерлік қызметін қатар алып жүрген Динара Сәтжан енді кино әлеміне бет бұрды. Танымал тележүргізуші халыққа өзін актерлық қырынан танытып көрмек. Ол белгілі отандық кинорежиссер Ақан Сатаевтың фильміне түсетін болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен Динара Сәтжан Instagram парақшасы арқылы бөліскен. Ол кинодағы дебюті Ақан Сатаевтың жаңа фильмінде орын алатынын хабарлады.

Белгілі болғандай, танымал кинорежисердің кезекті туындысы боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны туралы болмақ. Бұл кинода Динара Сәтжан өзін сомдамақ.

Ол осыдан сегіз жыл бұрын Олимпиада ойындарынан кейін спортшымен сұхбаттасқан. Ал бүгін дәл сол сәт Сатаетың фильм желісіне кіріп отыр. Түсірілім кезінде қандай әсер алғанын тележүргізушінің өзі айтып берді.

"2012 жылдың тамызында Олимпиада ойындары аяқталған соң, біздің чемпион Серік Сәпиевпен алғашқы сұхбатымды жүргіздім. Жаңа жұлдыз. Әлемдік спорттағы жаңа есім. Содан бері сегіз жыл уақыт өтіпті. Серік Сәпиев 2008 жылы Бейжіңдегі жеңілісінен кейін бокста қалуды шешкенін айтқаны әлі де есімді қалып қойыпты.
Серік Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бұл жолды қайтадан өтіп еңсеруге дайын болды. Ол үшін төрт жыл уақыт кетті. Сол дайындық жолының қандай болғанын Ақан Сатаев өзінің киносында көрсетеді. Мен үшін Ақан Сатаевтың фильміне түсу үлкен мәртебе. Басты рөлді сомдайтын актер Серікке қатты ұқсайды. Оған сенуге болады. Артыма қарап, бұл рөлге мен 2012 жылдан бері дайындалғанымды түсінемін. Бұл менің дебютім. Маған қатты ұнады" , - деп жазды Динара Сәтжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882099-bl-meni-debutim-dinara-stzan-akan-sataevty-kinosyna-tsti-video/

pixel