Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Борат" фильмінің кейіпкері 105 мың долларға байып шыға келді (фото)

Опубликовано:

Борат
Фото: film.ru

"Борат" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдамаса да, ерекше танымалдыққа ие болған қаранәсілді кейіпкер аяқ асты 105 мың долларға байып кетті деп жазады kinopoisk.ru.

Күтпеген жерден "Борат-2" фильмінің жұлдызына айналып шыға келген Джинис Джонс сюжет бойынша Бораттың қызы Тутарға қарайтын күтушінің рөлін сомдайды. Фильм шыққаннан кейін Джиниске түсіру тобы небәрі 3600 доллар төленгені белгілі болған.

Пандемияға байланысты жұмыссыз қалған Джинис фильмге түсуге келісімін бергенде, оның "Борат" фильмі екенінен хабарсыз болғанын және АҚШ туралы деректі фильмге түсіп жүрмін деп ойлағанын алға тартты.

Борат
Фото: kinopoisk.ru

Көп ұзамай, GoFundMe қорын ашқан қайырымды жандар көптің көмегімен оған 105 мың доллардан астам қаражат жинап беріпті.

"Маған барлығы 3600 доллар төленді. Бұл әділетті болды деп ойламаймын. Себебі, мен олар Америка туралы деректі фильм түсіріп жатыр деп ойладым. Өзім кінәлімін, қағаздарға қол қойған кезде бәрін мұқият оқымаған едім", - дейді Джинис Джонс.
Борат
Фото: kinopoisk.ru

Оклахома-Ситиде тұратын Джинисті фильмге түсіру үшін Вашингтонға арнайы шақырған.

"Мен Тутарды үшінші әлем елінен шыққан деп ойладым және ол елде әйелдер мен қыздарға қарым-қатынас расымен осындай екеніне сеніп қалдым. Бойжеткенді мектепке апарып, оқу-жазуға үйрету керектігін айтқан болатынмын. Бәрі шынайы деп ойлап, қызды АҚШ-та қалдыру үшін оның қиын жағдайын көрсетіп жатыр дегеніне сенген едім", - дейді ол.

Amazon студиясының мәліметінше, фильмнің жалғасын алғашқы күндері "10 миллиондай" желі қолданушысы тамашалаған.

Еске салсақ, бұған дейін Саша Барон Коэннің "Борат" фильміне не себепті Қазақстанды арқау еткенін түсіндіргені туралы жазған едік.

Одан бөлек, атышулы "Бораттың" рөлін сомдаған актер шын өмірде кім екенін жазған болатынбыз. 49 жастағы Саша Барон 2010 жылы Айле Фишер есімді актрисаға үйленіп, бүгінде үш баланың әкесі атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882322-borat-filmini-kejipkeri-105-my-dollarga-bajyp-syga-keldi-foto/

pixel