Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшіп кеттім": Аша Матай ажырасуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайға қатысты қауесеттер халық арасында әлі де толастар емес. Көпшілік жұлдызды жұптың айырылысып кеткенін болжап, желіде қызу талқы тудырды. Ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты бұл ақпараттардың рас-өтірігін осы күнге дейін нақты ашып айтпады. Алайда, Аша Матай шыдамай, ақыр-соңы жолдасы екеуінің мәселесіне қатысты пікір білдіруді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай күйеуі екеуінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттердің қаншалықты рас екенін айтып өтті. Өнер иесі толыққанды жауап бермегенімен, бұл істің тағы да халық қызығушылығын тудыру үшін ойластырылған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Өнер иесі Арман Қоңырбаев екеуінің қарым-қатынасына қатысты шындығын "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбатында ақтарды.

Ол журналист Анна Данчеко "бұл шулы ақпаратқа неге бір жауап бермеске?" деген сұрағына қысқаша "интрига" деп жауап қайырып, камераға көзін қысты.

Сонымен қатар, өнер иесінің сөзінше, бұл олардың кезекті жаңа жоба алдындағы жарнамасы болуы да мүмкін.

"Бәлкім, жаңа жоба да болу мүмкін. Жаңа пәтерге көшіп кеттім. Оны қалай қол жеткізіп алғаным туралы айтпай-ақ қояйыншы. Әйел адам үшін ең бастысы үй берекесі мен тыныштығы. Мен үшін бұрыннан жанұя бірінші орында, бүгінде ол қағидам өзгерген жоқ. Қазіргі уақытта бар көңілім мен уақытымды отбасыма арнаудамын. Балапаным қатайсын. Бір жасқа таяп қалдық. Алла шүкір, бәрі жақсы. Жаңа айтып өткеніміздей жаңа жоба болып қалуы мүмкін. Көрерменіміз кішкене сабырлық танытса, бәрі түсінікті болады" , - деді Аша Матай.

Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың қарым-қатынасы бүгінде көпшілікті алаңдатып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882578-ksip-kettim-asa-mataj-azyrasuyna-katysty-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel