Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова алғаш рет ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Байзақова ұлымен
Фото: Instagram/bayzakova

Әлеуметтік желілерде жартылай жалаңаш образдарымен танылған Айжан Байзақова қалың көпшілікке алғаш рет ұлын көрсетті. Ғаламтор жұлдызы тіл-көзден қорыққандықтан, осы күнге дейін тұңғышын ешкімге көрсетпей келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова ұзақ уақыт бойы ұлын халықтан жасырып келіп, енді оны көрсетуді жөн көрген. Желі жұлдызын мұндай қадамға не итермелегені белгісіз.

Ол Instagram парақшасында тұңғышының кішкентай кезіндегі фотосын жариялап қойған.

"Бұл жаста олардың барлығының түрі ұқсас болып келеді. Сол себепті, бұл фото саналмайды" , - деп жазып қойған Айжан Байзақова.

Желі қолданушылары бірден баланың суретінің астында қызу талқы ұйымдастырып, атышулы блогерді сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік әлі де оның жолдасының кім екенін білгісі келіп әлек болды. Олар Байзақоваға ұлының әкесі туралы сауал жаудырды.

"Ақыры көрсеттің ғой. Сүйкімді екен өзі" , "Тәтті балақай, түріңді көрдік-ау" , "Сізге ұқсайтын секілді. Әкесін көрмегендәктен айту да қиын екен" , "Ұлыңыз кішкентайынан қылықты секілді ғой" , "Айжан енді жолдасыңызды көрсетсеңіз болғаны" , "Ұлыңызды көрдік. Кезек жолдасыңызда" , "Ұлыңыздың әкесін қашан көріп қалады екенбіз" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Қайрат Түнтековтың алғаш рет әке атанғанын жазған болатынбыз. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған. Қуанышты хабарды қалың көпшілікке эстрада жұлдызының әріптесі әрі жақын досы жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882784-atysuly-bajzakova-algas-ret-lyn-krsetti-foto/

pixel