RU

30 жастағы тележүргізуші Нұржан Аташ шаңырақ көтерді (фото, видео)

Нұржан Аташ әйелімен
Фото: Instagram/nurzhan_atash

Отандық танымал тележүргізуші Нұржан Аташ 30 жасқа келіп, отбасын құрды. Белгілі шоумен көптен күткен үйлену тойын карантин салдарынан өзі армандағандай дүркіретіп өткізе алмаған. Ол тек ет-жақындарына беташар тойын жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Аташтың таңдауы Алтынай есімді бойжеткенге түскен. Тележүргізуші жеке өміріндегі маңызды өзгерістері туралы Instagram парақшасында жария етті.

Белгілі шоумен коронавирус пандемиясына байланысты үлкен үйлену тойын жасамаған. Ол тек жақын туыстары мен достарына дастархан жайып, беташар ғана өткізген.

Журналистің қуанышына келгендер арасында жұлдызды қонақтар да болған. Олардың арасында Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Серік Ибрагимов, Ернар Айдар және тағы да басқа өнер иелері бар.

Нұржан Аташ желіде келіншегімен беташар күні түскен суретімен бөлісті. Алайда, жары туралы әзірге ешқандай ақпарат жария еткен жоқ.

"Құдай қуантып тұрғанда қуана алмасаң , қуаныштан тек жұбаныш табасың дейді! Қуанышымызға қуанып жатқандарға Жаратқан еселеп берсін" , - деп жазды ол.

Журналистің отызға келіп отау құрғанына барша достары қатты қуанған. Олармен қатар желі қолданушылары да тележүргізушіні жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, жақында әнші Қуандық Рахым да шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі Жезқазғанда қалың көпшілікке үлкен беташар тойын өткізды. Алайда, артынша эстрада жұлдызына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883214-30-zastagy-telezrgizusi-nrzan-atas-sayrak-kterdi-foto-video/