RU

Бейбіт Қорғанның танымал әні үнділік TikTok-та хит болды (видео)

Бейбіт Қорған
Фото: musicprime.kz

Әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні үнділік TikTok-та ерекше танымалдыққа ие болуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ портпалы.

Бейбіт Қорғанның басты хит әндерінің бірі болып табылатын "Шоқ қыздар" әнінің шыққанына біраз жылдар өткеніне қарамастан, бұл ән Tik Tok қолданушылары арасында ерекше сұранысқа ие болуда.

Нақтырақ айтатын болсақ, ән үнділер арасында қызығушылық тудырған. Олар әнге түсірген видеоларымен жарыса бөлісуде.

Бұл жаңалықпен Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы да бөліскен.

"Бейбіт Қорған "Шоқ қыздар" хитімен Үндістанға гастрольмен баруы ғажап емес. Бұған үнділер бастаған челлендж себеп болмақ", - деп жазған желі парақшасы.

Сол арада видеоны көрген желі қолданушылары әншіге мақтауларын жаудырды.

"Қазақтар жасасын", "2008 жылы хит болған", "Үндістанда Tik Tok-қа тыйым салды емес пе?", "Керемет ән", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ тұрғыны TikTok қосымшасында скейтпен сырғанап жүрген видеосының арқасында күтпеген жерден қымбат көлік мініп, жұлдызға айналып шыға келгенін жазған едік.

Белгілі болғандай ер адамның видеосынан кейін сусын компаниясының өніміне сұраныс артқан.

Сонымен қатар желіде танымал трюкті қайталаған әкесі мен қызы көпті таңдай қақтырғанын жазған болатынбыз. Жұрттың жүрегін елжіреткен видеоны Жанасыл Болатбек есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасында жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883331-bejbit-korganny-tanymal-ni-ndilik-tiktok-ta-hit-boldy-video/