Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнер жұлдыздары оранып алған "Кешью" қыздарына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет хиджабпен
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақ эстрадасының жұлдыздары сәнді образдарын хиджабқа алмастырған өнердегі әріптестері туралы қандай ойда екенін жасырмай айтты. Олар "Кешью" құрамында өнер көрсетіп танылған қос ару Ақбота Сейітмағамбет пен Мөлдір Әуелбекованың оранып кеткеніне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақын әрі айтыскер Жандарбек Бұлғақов қос әншінің оранған бойда шығармашылығын жалғастыруын толығымен құптады. Оның ойынша, хиджабпен сахнаға шыққанда тұрған ештене жоқ.

Айтыс майталманы өнерде жартылай жалаңаш арулар жүргенде оранған қыздарға тыйым салу дұрыс емес деп есептейді. Бұл туралы ол "Опмай-Опмай" бағадарламасында айтты.

"Заң бойынша да, ешкім ешкімге шектеу қоя алмайды. Жалаңаш шығып жатқан әншіге де рұқсат бар болса, "өз әуретімді жауып шығамын" деген әншілерді неге біз сынның астына алуымыз керек? Әркімнің өз еркінде деп ойлаймын", - деді айтыскер.

Айжан Нұрмағамбетова Мөлдір Әуелебекованың ел алдында хиджабпен өнер көрсеткен сәтіне куә болып, одан алған әсерімен бөлісті.

"Мөлдірді көрдім. Өте керемет. Сахнада да керемет көрінеді. Киімі де керемет. Қара емес қой. Сұлу әрі ақылды әйелге бәрі жарасады деген ойдамын. Олардың өздерінің шешімі" , - деді әнші.

Айгүл Иманбаева болса өзге өнер иелерінің стиліне қатысты ешқандай пікірі жоқ екенін кесіп айтты. Актриса әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар деген қағиданы жіті ұстанатын болып шықты.

Айта кетейік, ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің хиджаб кие бастағаны белгілі болды. Ол желідегі парақшасындағы барлық суреттерін өшіріп, тек орамалды фотоларын жүктеп қойған.

Ал Мөлдір Әуелбекова жақында ғана өткен концерт кезінде алғаш рет ел алдында оранған күйде өнер көрсетті. Оның хиджабпен сахнаға шыққаны желіде қызу талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883657-ner-zldyzdary-oranyp-algan-kesu-kyzdaryna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel