Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ Ахмадиева жаңа шаш үлгісімен адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева стиліне өзгеріс енгізіп, өз оқырмандарын күн сайын таңғалдыруда. Ел алдына түрлі образдармен шығып жүрген өнер иесі бұл жолы шашын басқа түске бояп тастаған көрінеді. Желіде эстрада жұлдызының қызғылт түсті шашымен түскен суреті жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиеваның соңғы бөліскен фотосы оқырмандары арасында қызу талқыға түскен. Желі қолданушылары әншінің жаңа шаш үлгісіне қатысты бар ойын ортаға салып, өзара пікірталас ұйымдастырды.

Бірі оны жаңашылдық пен өзгерістен қорықпайтын қайсарлығы үшін мақтап жатса, енді бірі жаңа шаш үлгісін қатты сынап тастаған.

"Керемет образ. Жаңа әрі ерекше" , "Маған ұнады. Мына шаш үлгісі сізге сондай жарасады екен" , "Сізге кез келген шаш үлгісі жарасады" , "Үнемі құрылыс заттарының қасында не істеп жүресіз? Барлық фотларыңыз шалылып жатқан үйден" , "Мына шаш мүлдем сізге жарасып тұрған жоқ" , "Өте арзан образ", "Мына түс тек жастарға ғана келіседі. Орта жастағы әйелдерге тән емес" , "Ұнап тұрған жоқсыз" , - деп жазған оқырмандар.

Өнер иесі шу тудырған суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда әртістің ұзын әрі қызғылт түсті шашпен тұрғанын көруге болады.

Кейбір желі қолданушылары әншінің парик киіп алғанын жазуда. Себебі, ол босанғаннан кейін бірден шашын қысқа етіп қиып тастаған болатын. Олардың ойынша, бұл эстрада жұлдызының кезекті образы ғана.

Айта кетейік, әнші Ақбота Сейітмағамбет те стиліне өзгеріс енгізді. Бұған дейін түрлі ерекше образдармен таңғалдырған өнер иесі бүгінде хиджаб киіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883668-dilnaz-ahmadieva-sas-lgisin-zgertip-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-foto/

pixel