Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабат Ернардың перзентіне кіндік әке-шеше атанды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Ернар Айдардың екінші қызын перзентханадан шығарып алуға Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабат арнайы келді. Себебі, олар сәбидің кіндік әке-шешесі атанған.
Бұл туралы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасы жария етті. Парақша авторы әншінің қуанышты күнінен видеоны желіге жүктеген.
"Айым Ернарқызы. Перзентханадан шығарып алу сәтінің көріністері. Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабат ханым кішкентай балапанның кіндік әке-шешесі атанды! Құттықтаймыз!", - деп жазған видеомен бөлісушілер.
Видеоны тамашалаған жұрт жұлдыздарға мақтаулары мен құттықтауларын жаудырды.
"Бауы берік болсын. Мейрамбек пен Мархаббаттың жолын берсін. Ел баласы болсын", "Керемет сәт!", "Мархабатқа жұғысты болсын", "Айдай сұлу қыз болып өсе берсін", "Мейрамбектей кіндік әкесіне ұқсаса, жаман болмас", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, бұған дейін біз отандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдардың отбасында қуанышты жағдай орын алғанын жазған едік. Әншінің жары босанып, оған қыз бала сыйлаған.
Айта кетейік, Ернар Айдардың дүние есігін енді ғана ашқан сәбиінен басқа тағы үлкен қызы бар. Өнер иесінің тұңғышы өткен жылдың тамыз айында туған. Бұл жайында әншінің қарындасы Жазира Айдар Instagram желісіндегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.
Ернар Айдар 2017 жылдың тамызында шаңырақ көтерген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884002-mejrambek-bespaev-pen-zary-marhabat-ernar-ajdardy-perzentine-kindik-ke-sese-atandy-video/