Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбыларымен аңшылыққа шыққан Әсел Ақбарова желідегілерді таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Әсел Ақбарова құрбыларымен
Фото: Instagram/akbarassel

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Әсел Ақбарова демалысы кезінде құрбыларымен аңшылыққа шығып, барша желі қолданушыларын таңғалдырды. Ақпарат өкілі өзге жұлдыздар секілді шетел аспай, өз ел аумағында есте қаларлықтай күндер өткізуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Ақбарова демалыс уақытында жақын құрбыларын алып, аңшылыққа шыққанын Instagram желісі арқылы хабарлады. Нәзік жандылар ерлерден қалыспай, аң аулай алатынын дәлелдемек болса керек.

Олар аса ерекше форматтағы демалысынан суреттер мен видеоларды жариялап, қалың көпшілікті таңырқатты.

"Эмоционалды аңшылықтың ерекшеліктері. Соңғы жылы күндерді пайдаланып, табиғат аясына шығып алғанымыз қандай жақсы болды. Жоспарлы түрдегі демалыстардан гөрі, аяқ асты кетіп қалған дұрыс екен. Осындай ұсыныс тастап, оның жедел орындалуына атсалысқан достарыма алғысым шексіз. Кермет жер екен. Бұл жер демалыс үшін ғана емес, түсірілім үшін де таптырмас жер екен. Бірақ, мен ол қай жерде орналасқанын айтпаймын" , - деп жазды ол.

Желідегілер тележүргізуші мен оның құрбыларының аңға шығуына қатысты түрлі пікір білдіріп, қызу талқы ұйымдастырған. Олардың жартысы арулардың батылдығына тәнті болса, енді бірі оларға қыз-келіншектердің ісімен айналысуын айтқан.

"Аңшы қыздар, жарайсыңдар", "Керемет, менде осындай демалысты жақсы көремін" , "Бұл Іленің бойы болу керек" , "Өте әдемісіздер, шетелде емес өз елімізде осындай демалыс ойластыру мақтауға тұрарлық" , "Балық аулауға өте керемет жер екен" , "Аңшылық деген қыздардың ісі емес. Сіздерге қиын болар" , "Ерлердің ісін қайтесіздер, қыздардың ісімен айналыссаңыздаршы оданда - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884137-krbylarymen-asylykka-sykkan-sel-akbarova-zelidegilerdi-tayrkatty-foto/

pixel