Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларға ұнаған жоқ": Орыс жігітке тұрмысқа шыққан "Нагимуша" ата-анасы туралы айтты

Опубликовано:

Нагимуша
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде "Нагимуша" лақап атымен аса танымал отандық блогер Нағима Ахметова алғаш рет ата-анасы оның өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қатысты қандай ойда болғанын айтты. Желі жұлдызының сөзінше, жанұясы бастапқыда оның таңдауын құптамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нағима Ахметова орыс жігітіне тұрмысқа шығу үшін ата-анасының батасын қалай алғаны туралы бар шындықты НТК арнасындағы "Без монтажа" бағдарламасында айтып берді.

Блогер арудың отбасы мүшелері ұлтаралық некеге деген көзқарасын болашақ күйеубалаларымен кездесіп танысқан бойда бірден өзгерткен.

"Бастапқыда әкеме бұл ұнаған жоқ. Ол "маған ұнамайды" деді. Анаммен де нашар тілдесу болды. Ол да бұл нәрсе оған ұнамайтынын айтты. Мен ештене істей алмайтынымды айтып, олардың менің таңдауымды қабылдаудан басқа амалдары жоқ екенін түсіндірдім. Барлық шекаралар жабылмай тұрғанда, жолымыз болып ата-анаммен шетелге демалысқа барып үлгердік.
Біз Еуропаға бардық. Сол кезде сүйіктім де олармен танысу үшін арнайы ұшып келді. Өте көңілді әрі есте қаларлықтай әдемі кездесу болды. Мен ата-анам мен жолдасымды Италия сияқты жерде таныстырамын деп ойламағам да, армандамағам да. Сол таныстықтан кейін олардың ұлтқа қатысты ой-пікір мен қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді. Олар оны жақын білген бойда бірден ұнатты" , - деп ағынан жарылды Нағима Ахметова.

Белгілі блогер өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққандықтан ата-анасына өзіне қорған болуын сұраған. Олар өз кезегінде алыс-жақын туысқандарының қлтаралық некеге қатысты жаман пікірлерін тыйған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884312-olarga-nagan-zok-orys-zigitke-trmyska-sykkan-nagimusa-ata-anasy-turaly-ajtty/

pixel