jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Кәмшат Жолдыбаева жаңа ашық образымен ерлер қауымын өзіне қаратты (фото)

    Кәмшат Жолдыбаева
    Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

    Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева жаңа ерекше фотосессиясын жариялаған бойда желіде нағыз пікірталас алаңы орнайды. Ерлер қауымы талдырмаш мүсінді аруға тәнті болса, қыз-келіншектер оның әрекеттерін тым ерсі санап жатады. Өнер иесі бұл жолы оқырмандарын қалай таңғалдырғанын KAZ.NUR.KZ материаланына біле аласыздар.

    Әдетте төсін айқара ашып немесе барынша қысқа образда бой көрсететін Кәмшат Жолдыбаева бұл жолы желі қолданушыларына арқасын паш еткен. Әнші Instagram парақшасында төстартқышсыз түскен кезекті фотосымен бөлісіп, халықтың қызу талқысына қалды.

    Шоу-бизнес сылқымының еліктіргіш фотосессиясы ерлер қауымын естен таңдырғаны анық. Ер азаматтар әнші аруға сезімдерін жарыса білдіріп, түрлі пікірлер қалдыруда.

    Ал қыз-келіншектер болса, керісінше Жолдыбаеваны қатаң сынға алған. Олар өнер иесі ашық суреттерімен отбасылы ер адамдарды өзіне қаратып жатқанын жазуда.

    "Мен сізді мақтан тұтып едім. Бірақ, суреттеріңізді көріп, көңілім қалды" , "Сөзсіз мінсіз ару бір өзіңсің" , "Неткен фигура, ғашық болдым" , "Жүрегіңіз бос па?" , "Кәмшатқа сөз жоқ. Барғна сайын ашылып бара жатыр. Ер азаматтар, жасөспірімдер бәрі қарайды. Ұялса болады ғой. Онсыз да елден оңбай сөз естіп жатса да, қоймайды жалаңаш фотолар салып" , "Осы қыз ақша үшін ашық фотоларын салатын секілді" , "Арқаңызға қарап, езіліп кете жаздадым" , "Апа болды жетер. Жабықтау киімге көшетін кез келді" , "Қаншама отбасылы азаматтарды қаратып отырсың" , - деп жазуда желідегілер.

    Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай да талдырмаш мүсінінен ерлерді естен таңдырған болатын.

    Кәмшат Жолдыбаева жаңа ашық образымен ерлер қауымын өзіне қаратты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.