Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсін үлкейтіп алған Алтынай Жолдыбаева жұмысына қызу кірісті (видео)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева киіммен
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева ғаламтор кеңістігіне ашық образдарымен қайта оралды. Төсін үлкейткен шоу-бизнес жұлдызы пластикалық отадан кейін біраз уақытқа дейін фотосессияларда жарқырай алмай жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева омырауын үлкейту бойынша жасалған отадан кейін қалпына келіп, бірден өз жұмысына кірісіп кетті. Қызу қарбалас уақытты сағынып қалған ару кезекті фотосессиясында тағы да ашық образбен шыққан.

Бұл жолы өнер иесі төсін айқара ашып тұратын қысқа қара көйлек киген. Жұмысын сағынып қалған әнші ерекше түсірілім барысынан Instagram парақшасында видео жариялап, оқырмандарымен бөліскен.

Алайда, желі қолданушыларының бұл фотосессияға қатысты пікірі екіге бөлінді, Бірі бойжеткеннің талдырмаш мүсініне тәнті болса, енді бірі оның образын аса ерсі санаған.

"Неткен әдемісің. Сен мінсіз арусың" , "Сұлу бикеш, күннен күнге көрікті болып барасыз" , "Осы қыздың көздеген мақсаты не?" , "Не үшін сала бересің ашық фото мен видеоларыңды? Елді қызықтырғың келеді ма?" , "Осы жаман пікірлерді көріп, неге ата-анасы тәрбиелемейді" , "Ұят, барған сайын жалаңаштанып барады" , "Сөзім жоқ, жартылай жалаңаш денесін жұрт назарына көрсетіп тұрғаның болмады" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін 38 жастағы тележүргізуші Динара Сәтжан да Дубайда түскен аса ерекше фотосессиясымен бөлісіп, ерлер қауымын өзіне қаратқанын жазған едік. Көпшілік ақпарат өкілінің талдырмаш мүсінінен тамсанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884590-tsin-lkejtip-algan-altynaj-zoldybaeva-zmysyna-kyzu-kiristi-video/