Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылда тұрмаймын": Мадина Оспанованың өнерден кетейін деп жатқаны рас па

Опубликовано:

Мадина Оспанова жолдасымен
Фото: Видеодан кадр

Желіде отандық жас актриса Мадина Оспанованың жолдасымен сөйлескен сәтінен видео тарап, қалың көпшіліктің қызу талқысына түскен. Бейнежазбада жас жұбайлар басқа жаққа көшу мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойларын ортаға салған. Желі қолданушылары бірден киножұлдыздың өнерден біржола кететінін болжап, уайымға салынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Мадина Оспанова мен оның жолдасы "Мәміле" атты ерлі-зайыптылар бағдарламасына қатысқан. Оның барысында жас жұбайлар бір-біріне сұрақ қойып, оның әрқайсысына барынша шынайы жауап беру керек.

Сұрақ қою кезегі отағасына жеткенде ол бірден ауылға көшу тақырыбын қозғап, жарын қатты таңғалдырды. Белгілі актриса сауалды естіген бойда шалғай аудандарда тұрғысы келмейтінін кесіп айтты.

Алайда, тұрмысқа шығар алдында өнер иесі сүйіктісінің кез келген ұсынысы мен талабына дайын екенін айтқан болып шықты. Оспанова жолдасына тойдан кейін онсыз да ауылда бір ай бойы тұрғанын есіне салды.

"Мен қайда барсам, сен де сол жаққа баратының қайда? Солай айтып едің ғой? Үйленбей тұрып айтқансың. Ал бір ай дегенің ол кезде карантин кесірінен ауылда болдық. Тұру керек болғаннан кейін тұрдық қой. Менің артымнан бармаймын деп тұрсың ғой? Өнеріңді тастайсың шамасы. Арасында ғана келіп тұрасың" , - деді Оспанованың жолдасы.

Нәтижесінде, Мадина Оспанова болашақта ауылға көшетін болып жатса, отағасының артынан баруға шешім қабылдады. Ол өзі жоқта жолдасына өзге әйелдер көз салып қоятынына қорықты. Актриса тіпті ауылдан арнайы өнер мектебін ашатынын айтты.

Желі қолданушылары оның бұл сөзінен кейін алаңдап, оның кино саласынан кетіп қалатынын болжады. Алайда, ерлі-зайыптылар қазіргі таңда қоныс аударуға ниетті емес. Олар бар болғаны алдағы уақытта сондай жағдай бастарына түссе қалай әрекет ететіндерін айтқан.

Ауылға көшу мәселесі талқыланған сәт Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884811-auylda-trmajmyn-madina-ospanovany-nerden-ketejin-dep-zatkany-ras-pa/

pixel