Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесіз өскен балалар туралы фильм түсірген Сәбит пен Айгүлдің ұлы елді жылатты

Жарияланған күні:

Сәбит Әбдіхалықов ұлымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесіз өскен балалар жайында фильм таспалап, онда өзінің әкесі Сәбит Әбдіхалықовты да түсірген. Бүгінде өзін режисерлік қырынан танытып келе жатқан Асылжан Әбдімүтәлиев бұл туындысында өзіне жақын тақырыпты қозғаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асылжан Әбдімүтәлиев - өнер жұлдыздары Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ ұлы. Олар тұңғыш перзенттері кішкентай болғанда ажырасып кеткен болатын. Баласы оған қарамастан әкесімен бүгінде жақсы қарым-қатынас орнатқан.

Алайда, Асылжан мұндай байланысты орнату оңайға соқпағанын алға тартты. Өзінің "Әке жолы" атты фильмінде ол асқар тауы әкесімен қалай танысып, оған қарай жасаған маңызды жеті қадамы туралы айтып берді.

Әбдіхалықовтың ұлы жаңа туындысында әкесіз өскен балалармен қоса өзі де жан сырын ақтарған. Желі қолданушылары Асылжан Сәбитұлының жұмысын жылы қабылдап, фильмді жыламай отырып көру мүмкін еместігін жазуда.

Онда әкесіз өскен адамдар өз басынан өткен жағдайларды баяндап, ішінде шығара алмай жүрген сырымен бөліскен.

"Әке жолы" фильмінің толық нұсқасын Youtube желісінен тамашалауға болады. Асылжанның туындысын көрген жұртшылық Айгүл Иманбаеваға тамаша ұл өсіргені үшін мақтау сөздерін жаудырды.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева өзінің жас кезіндегі фотосын жариялап, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары өнер иесінің асқан табиғи сұлулығына тәнті болып, оған деген өздерінің ыстық ықыласын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884855-kesiz-sken-balalar-turaly-film-tsirgen-imanbaevany-ly-eldi-zylatty/