Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Say Mo белгілі актермен мешітте некесін қидырды (фото)

Опубликовано:

Say Mo мен Shakenti
Фото: Instagram/shakentii

Қазақстандық шоу-бизнес әлеміне "Say Mo" лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембек пен оның сүйіктісі, актер Шәріп Серік мешітте некесін қиыдырды. Қос ғашық Алла алдында ерлі-зайыпты атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Есембек пен Шәріп Серіктің ақ некелерін мешітте қидырып тастағаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Жас жұбайлар бірінен соң бірі Instagram парақшасында қуанышты хабарды көпшілікке жеткізді.

Суретте ғашықтардың қасиетті ғимарат алдында тұрғанын байқауға болады. Желі қолданушылары атышулы қалыңдықты бірден тани қоймаған. Олар әдетте ашық-шашық образдармен жүретін өнер иесін барыншы жабық киіммен көргеніне қатты таңғалға.

Ерлі-зайыптылардың некесін қидыруына орай, желі қолданушылар оларды жаппай құттықтауға кірісіп, өз ақ тілектерін қаршы жаудырған болатын. Қос ғашыққа бақыт тілеушілер арасында бірқатар өнер жұлыздары да бар.

Әсел Сағатова, Дина Тасболатова, Кентал, Жәния Джуринская, Жанель Мақажан, Мейіржан Төребаеав және тағы да басқалар Мөлдір мен Шәріп үшін аса қуанышты екендерін жеткізді.

"Бақытты болыңдар, тәтті жұп" , "Дұрыс осылай, жабық киініп жүрсеңші" , "Некесін қиып тастады ма? Жақсы жаңалық қой" , "Бақ құсыңыз құтты болсын" , "Мөлдірді танымай қалдым. Оны мынадай образда көру бір түрле екен" , "Сондай бақыттысыздар, махаббаттарыңыз да баянды болсын" , - деп жазуда желідегілер.

Еске сала кетейік, атышулы Say Mo-ның ғашығы Шәріп Серік жақында ғана оған үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885616-atysuly-say-mo-mesitte-nekesin-kidyrdy-foto/

pixel