RU

Қайрат Нұртас қазақтың еті мен нанын енді Қырғызстанда сатпақ (видео)

Қайрат Нұртас Бішкекте
Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас өзінің "Ауыз ти" атты асханалар желісінің кезекті нүктесін ашты. Өнер иесі республика аумағымен шектелмей, қазақтың еті мен нанын енді қырғыз бауырларға танытпақ. Әнші Бішкектегі нүктесінің ашылу салтанатын ерекше өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өзінің бизнесін барынша кеңейтіп жатыр. Эстрада жұлдызы жақында ғана Қазақстанда тұсаукесері өткен "Ауыз ти" тамақтану орталығының келесі нүктесін Қырғызстаннан ашқан.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесі Бішкектегі асханасының ашылу салтанатына келген көпшілік үшін арнайы концерт беріп қайтқан.

Қайрат Нұртас қырғыз бауырлардың еліне барған сәтінен видеомен бөліскен.

" Біздің алғашқы ұлттық стритфудымыз халықаралық деңгейге шықты. Қазақтың ет пен наны енді Қырғызстанда ашылды" , - деп қысқаша жазба қалдырды шоу-бизнес өкілі.

Бейнежазбадан әншіні көру үшін көп адам жиналғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өнер иесін барынша қолдап, оның кәсібінің халықаралық деңгейге шыққанымен құттықтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас кіші ұлы Ханның алты жасқа келуін ерекше атап өткенін жазған болатынбыз. Жұлдыз Өмірғали екеуі туған күн кешінде түсірілген видео үзінділермен Instagram-да бөлісіп, желі қолданушыларын қуантты.

Туған күн иесі Хан да анасының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы өзіне ақ тілегін білдіре құттықтаған қалың көпшілікке арнайы видео жолдап, оларға алғысын айтқан болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885950-kajrat-nrtas-kazakty-et-pen-nanyn-endi-kyrgyzstanda-satpak-video/