Алтынай Жорабаева Түркиядан үш бөлмелі пәтер сатып алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева өнердегі әріптестерінен қалыспай, Түркия елінен баспаналы болды. Шоу-бизнес жұлдызының енді Алания қаласында пәтері бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында Түркиядан үйлі болғанын хабарлап, барша оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар әншінің енді Қазақстаннан көшіп кететінін болжап, уайымға салынды.
Алайда, өнер иесі қалың көпшілік дұрыс түсінбей, халық арасында жалған қауесеттер тарап кетпеу үшін басты сұраққа өзі жауап берген. Эстрада өкілі жариялаған жазбасында қоныс аудару мәселесіне қатысты тоқталып өтті.
"Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға ғана тән. Түркия елінен ,Алания қаласынан ,теңіздің жағасынан 7 жұлдызды KINGDOM PREMIUM Тұрғын үй кешенінен 2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсан айында салынып біткенше бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз Алла қаласа . Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады" , - деп жазды Жорабаева.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов та жақында Түркиядан пәтер сатып алған болатын. Алайда, бұл жұлдызды жұп та Қазақстаннан көшіп кетуді мүлдем ойламайтындарын алға тартты. Олар да Алтынай Жорабаева секілді Аланиядағы үйіне тек демалысқа барған тұрмақ ниетте болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885961-ksip-ketti-ma-altynaj-zorabaeva-trkiadan-pter-satyp-aldy-video/