Индира Расылхан: Орамал таққаным үшін жобалардан қысқартылғаным рас
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Индира Расылхан сахналық образын түбегейлі өзгерткені үшін көптеген жобаларға қатыса алмай қалғанын жайып салды. Дін жолына түсіп, оранып киіне бастаған өнер иесін концерттік бағдарламаларға да, телеарналарға да шақыруды қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Индира Расылхан өзінің өнер саласынан көрінбей кетуінің себебін орамал тағуымен байланыстырады. Әнші хиджаб кигелі мерекелік шараларға шақыртулары азая түскенін растады. Кейбір жобалардан эстрада жұлдызын тіптен қысқартып тастаған кездер де болған.
Бұл туралы шоу-бизнес өкілі "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты.
"Сахнада мұндай жағдайлар болып тұрады. Кейбір жобалардан қысқартылған кезім де болды. Мені бұдан кейін телеарналар шақырады деп ойламаймын да. Орамалға келер алдында осындай нәрселер болатынын білгенмін. Соған орай сахнадан кетіп қалуға да, көрермендерден көз жазып қалуға, әндерім тыңдалмай қалады, өнерім қалып қояды деген сияқты қорқыныштың болмауы иманымның толықтағанында деп білемін. Менде ешқандай өкініш жоқ. Шақырмай жатса да бәрібір. Алла қаласа өзімнің арнамды ашқалы жатырмын. Сол жерде бағдарламаларымды да, әндерімді де тыңдай аласыздар" , - деді Индира Расылхан.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Ақбота Сейітмағамбет те хиджаб киіп кеткен болатын. Алайда, өнер иесі бір айға жетпей, тастамай таққан орамалын толығымен шешіп тастады.
"Кешью" тобының бұрынғы әншісінің бұл қылығы қалың көпшілікке жақпай қалды. Желі қолданушыларының сөзінше, ол бұл әрекетімен хиджабты мазақ еткендей болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887132-indira-rasylhan-oramal-takkanym-sin-zobalardan-kyskartylganym-ras/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.