jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "МузАРТ" әншілерінің құрылысшы болып кеткені рас па (фото)

    "МузАРТ" тобы құрылысшы кейпінде
    Фото: Instagram/m_besbaev

    Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар "МузАРТ" тобы күтпеген жерден ел алдына құрылысшылар кейпінде шығып, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары сахнада шырттай киініп жүретін өнер жұлдыздарын мұндай образда көрмегендіктен, қатты таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "МузАРТ" тобының белді әншісі Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында әріптестері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловпен түскен фотосын жариялап, қалың жұртшылықтың қызу пікірталасын тудырды.

    Желі қолданушыларының аталмыш суретті талқыға салуына эстрада жұлдыздарының ерекше образы себеп болған. Сахнада жарқырап жүретін өнер иелері бір мезетте құрылысшы кейпіне еніп, барша тыңдармандарын таңғалдырған.

    "МузАРТ" тобының кейбір жанкүйерлері сүйікті әртістерін бірден тани қоймай, шатасып қалғанын жазды. Тағы бірі олардың карантин салдарынан жұмыстары тоқтап қалып, қызметін құрылысқа ауыстырғанын болжады.

    "Құрылысшы болсаңыздар арттарыңыздан біраз қыз жүгіреді" , "Шынымен осындай жұмысқа салса не болар екен?" , "Сахнаның гүлі болып жүргендерді мұндай образда көрген қызық екен" , "Қатты таңғалдырдыңыздар. Тіпті бірден тани қоймадым" , "Карантинде концерт пен той болмай, біраз қиналғанға ұқсайды. Енді тағы карантин боларын күтіп, бірден құрылыспен айналысып кеткен болар" , "Өмір ғой. Қиындыққа да, қуанышқа да үйрену керек" , "Керемет, неткен қарапайымдылық" , "Құрылысты да алып кетерлеріңіз анық. Жасай беріңіздер" , - деп жазуда желі қолданушылары.

    "МузАРТ" әншілерінің құрылысшы болып кеткені рас па (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.