Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы ел сынына қалған Қайрат Нұртастың әйелін жақтап шықты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Әлем ханымы-2020" байқауына Қазақстан атынан қатысқалы жатқан Жұлдыз Әбдікәрімоваға өз қолдауын білдірді. Ол Қайрат Нұртастың жары хас сұлулар додасында ел намысын қорғауға тұрарлық келіншек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлемдік деңгейдегі сұлулық байқауына қатысатынын хабарлағаннан кейін желіде оны сынға алған адамдар пайда болды. Олар белгілі хитменнің әйелі бұл сайысқа мемлекет атын қорғап баратынына түбегейлі қарсы екендерін жазған.

Желіде орын алған қызу талқыға куә болған Ләйлә Сұлтанқызы да Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысуы жайлы өз пікірін білдірді.

Тележүргізуші Instagram парақшасында оны толығымен қолдайтынын айтып, ел намысын аталмыш додада қорғай алатын одан асқан әйел жоқ екенін алға тартты.

Сонымен қатар, ақпарат өкілі көпшілікті біреуден мін іздемеуге шақырды.

"Құдай-ай, біреудің мінін іздегеннен бақытты болып кететін болсақ, біраз адам қазір бақыттан басы айналуы тиіс еді. Жаңа Жұлдыз Әбдікәрімова керемет бір байқауға қатысып жатқанын жаңалықтар порталынан оқып, кәдімгідей қуанып қалдым. Несі бар, қатысуға тұрарлық! Қатыссын, бағын сынасын, жеңіп шықсын. Ал комменттер масқара енді.
Сәттілік тілеп, дауыс берудің орнына іштарлық танытқандар көп. Жұлдыз керемет жансың, анасың, аяулы жарсың, мықты келінсің. Әйел ретінде барлық миссияңды орындадың деп ойлаймын. Елдің намысын қорға десе, несі бар, мен де қатысар едім, сәл жасым мен бойым келмей тұр-ау" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887620-ljl-sltankyzy-el-synyna-kalgan-kajrat-nrtasty-jelin-zaktap-sykty/

pixel