Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызды болды": Серік Ибрагимовтің екінші сәбиі дүниеге келді (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов жары мен ұлымен
Фото: Instagram/ainamkoz_abdima

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Серік Ибрагимовтің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Әншінің жанұясы тағы бір перзентпен толықты. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыттан басы айналған әке бұл қуанышты хабарымен бірден Instagram желісінде бөліскен. Эстрада жұлдызы қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын ресми түрде жария етті.

"Аллаға шүкір! Сүйінші, ағайын! Алланың қалауымен келіншегім қыз босанды! Хамза қарындасты болды. Аллаға мың шүкір! Ата-аналарыма, жақындарыма, дос-бауырларыма көп рақмет. Қабырғама мың алғыс. Баршаңызға жұғысты болсын, жақындарым" , - деп жазды Ибрагимов.

Өнер иесі қызы мен жарын перзентханадан шығарып алып үлгерген. Карантин салдарынан бұл шараны ауқымды өткізе алмаса да жұлдызды әке жарын гүл шоқтарымен көмкеріп, оған кішігірім концерт ұйымдастырған.

Әншінің өнердегі достары перзентхана алдында қызды болған жас ата-ананы әндетіп күтіп алып, оларға ерекше көңіл-күй сыйлаған.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ернар Айдардың да екінші сәбиі дүниеге келген болатын. Ол да қызды болды. Қуанышты хабарды шоу-бизнес өкілінің өзі хабарлап, әйелі мен баласын перзентханадан ерекше шығарып алған.

Еске сала кетейік, Ернар Айдардың жаңа туған сәбиіне Мейрамбек Бесбаев пен оның жары Мархабат кіндік әке-шеше болды. Эстрада дүлділі өнердегі інісінің қуанышына ортақтасып, перзентханаға кіндік қызын шығарып алуға да барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888092-kyzdy-boldy-serik-ibragimovty-ekinsi-sbii-dniege-keldi-video/

pixel