Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғысым шексіз": Айгүл Иманбаева ата-анасына аса әсерлі жазба арнады (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева әкесімен
Айгүл Иманбаева әкесімен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева ел алдында ата-анасына деген алғысын жеткізіп, оларға жүрекжарды жазбасын арнады. Эстрада өкілі өзінің бүгінгі өнері оған әке-шешесінен дарығанын айтып, елді таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Айгүл Иманбаеваның туғандары арасында өнерлі жандар өте көп екен. Бүгінде әншілікпен актриса қызметін қатар алып үлгеріп жүрген әртіс бойындағы дарыны өзіне қан арқылы берілгеніне кәміл сенімді.

Ол ата-анасының отбасылары туралы тың мәліметпен бөлісіп, желіде жан сырын ақтарды. Шоу-бизнес өкілі әкесімен түскен суретін жариялап, ата-анасына өз алғысын білдірді.

"Папам ғой. Менің әкемді туған жағыда, бағып-қаққан Әкемнің нағашы жағы да өте талантты. Және Анам жетісудың дүлдүлі Кенен Әзірбаевтың ұрпағы. Осы кісілерден дарыған өнер шығар. Осындай әке-шеше берген Жаратушыма алғысым шексіз" , - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева өзінің жеке өміріне қатысты ұлы не ойлайтынын ашық айтты. Ол анасына өз азаматын табуға тілегін білдірген.

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ ұлы Аслан Әбдімүтәлиев жақында ғана әкесіз өскен балалар жайында фильмін ел назарына ұсынды. Жас режиссердің жаңа туындысында оның әкесі де, анасы да бой көрсеткен.

Сәбит Әбдіхалықов ұлының өзі жайлы түсірген фильмінде жан сырын ақтарып, әр түрлі некеде туған барлық алты перзентінен кешірім сұрады. Ол ұл-қыздарының қасында тұрып өмір сүре алмай жүргеніне өкінетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888355-algysym-seksiz-ajgl-imanbaeva-ata-anasyna-asa-serli-zazba-arnady-foto/

pixel