Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Ерік Хамидуллаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарова
Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарова. Фото: Instagram/akniet_belasar

Отандық жас актер Ерік Хамидуллаев алғаш рет көптен жасырып келген ғашығының кім екенін айтты. Өнер иесі желіде сүйіктісімен бірге түскен суретін жариялап, оны қалың көпшілікпен таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптеген отандық телехикая мен киноға түскен жас әрі талантты актер Ерік Хамидуллаев алғаш рет жұртшылыққа кездесіп жүрген қызын көрсетті. Болашағынан көп үміт күттірер актердің таңдауы өнердегі әріптесіне түскен. Ол екеуінің бірге түскен суретімен Instagram парақшасында бөліскен.

Белгілі болғандай, жас жігіттің жүрегін Ақниет Беласарова есімді жас актриса жаулап алған. Бойжеткен қалың көпшілікке "Көзайым" фильміндегі рөлі арқылы танылды.

Қос ғашық та фильмдерден гөрі көбіне қазақстандық сериалдарда рөл сомдайды.

Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарова да бір уақытта ортақ фотоларын ел назарына ұсынып, қарым-қатынастарын ресми түрде растаған.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, оларға деген жылы лебіздерін жаудырды. Қос ғашық үшін қатты қуанып, пікір білдіргендер арасында Еріктің өнердегі үлгі тұтар ағасы Тәуекел Мүсілім де болды. Шоу-бизнес серісі кино саласындағы інісіне бақыт тілеп, сүйіктісі екеуінің бір-біріне қатты ұқсайтынын жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбекованың жеке өмірі ел талқысына түскен болатын. Жақында ғана тұрмысқа шыққан жас дизайнер жолдасымен түскен фото және видеоларын өшіріп тастап, оны желіде оқымайтын болған. Желідегілер қос ғашықтың айырлысып кеткенін болжауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888374-akter-erik-hamidullaev-algas-ret-sjiktisin-krsetti-foto/

pixel