Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеге отырып шықты": Атышулы Байзақова әкесі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Ғаламтор кеңістігіне жартылай жалаңаш суреттері мен ерсі қылықтары арқылы танылған Айжан Байзақова қалың көпшілікке жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы не себепті әкесін көрсетпей келгені туралы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, блогердің әкесі жақында ғана түрмеден бостандыққа шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram парақшасында ағынан жарылып, отбасының басынан өткен ауыр жағдайды есіне алды. Атышулы арудың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын тәртіп сақшылары оның үйіне келіп, әкесін кісендеп алып кеткен. Ер адамға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда, үш жылға жуық уақыттан соң, отағасы бостандыққа шығып, өзінің отбасына оралған. Белгілі блогер әкесі түрмеде болғандықтан, ол туралы көп айта бергісі келмегенін мойындады.

"Менің әкем жақында ғана түрмеден шықты. Бұл аянышты жазба емес. Маған жандарыңыз ашымай-ақ қойсын. Мен үш жыл бойы үнсіздік сақтап келдім. Себебі, бұл жайында сөйлесуге дайын емес болдым. Бұл біздің құпия еді. Алайда, бүгінгі күні мен жетіліп, бұл мәселеге қатысты бар шындықты айтуға әзірмін. Өйткені, кейбір жандарға бұл ақпаратты пайдасына жаратып, теріс пиғылмен қолдануына жол бермейді екенмін.

2018 жылдың наурыз айында менің 60 жастағы әкемді үйден қолына кісен тағып алып кетеді. Әкемді құдды террорист немесе адам өлтіріп қойғандай алып кетті. Ол ешкімнен жасырған да емес. Үйде жатты. Нәтижесінде сот оны бес жылға бас бостандығынан айыру шешімін шығарды. Мен сол күні-ақ енді бар жауапкершілік менің мойныма артылғанын түсіндім.

Біз, тіпті әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Маған тек оның дәрілерін апарып беруге рұқсат етті. Оның болса жасы келіп қалған. Ол жерде жағдайы қалай боларын білмедік. Анам күйзеліске түсті. Мен оны шетелге шығарып, барынша көңілін аулауға тырыстым. Осылайша арада үш жылға жуық уақыт өтті. Әкем тіпті немересін де көрмеді. Алайда, үйде оны күтіп отырған адамдардың бар екені әкемді қанаттандырып, сынып қалмауына көмектесті" , - деп жазды Байзақова.

Желі жұлдызы әкесін не себепті абақтыға тоғытқанын айтудан бас тартты. Оның сөзінше, оған жала жабылған. Бұл мәселе төңірегінде блогер әкесінің өзі уақыт келгенде айтып беретінін жеткізді.

"Әкем бостандыққа шыққанда мен ата-анама барынша көмектесуім керек екенін түсіндім. Суық камералар мен таңғы алтыда тұрудан кейін мен әкемнің қартайған шағында тыныш әрі жайлы өмір сүруі үшін барымды салдым. Оны не үшін отырғызғанын айтпаймын. Оған жала жабылды. Бірақ, бұл енді маңызды емес. Бастысы, оны босатты. Бүгінде ол қасымызда. Біздің отбасымыз одан бетер жақындай түсті. Қазіргі таңда ол әр уақытын отбасымен өткізіп жатыр. Ата-анаңызды бағалаңыз. Бұл кезең артта қалды. Сол себепті, бұл туралы қазір айту маған анағұрлым оңай" , - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888538-trmege-otyryp-sykty-atysuly-bajzakova-kesi-turaly-bar-syndykty-ajtty/

pixel