Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген масқара": Желіде танымал әншілер қатысқан төбелестің видеосы тарады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан жаппай төбелес тарап, көпшіліктің талқысына түсуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жұлдыздар арасындағы жаппай төбелес" деген атпен видео Instagram-дағы zin_qazaq тобында жарияланды.

Кадрдан мерекелік кештің ортасында жаппай төбелестің орын алғанын байқау қиын емес.

Желі оқырмандарының мәліметінше, жаға жыртысқандардың арасында қазақ эстрадасының танымал әншісі Жеңіс Ысқақова мен "Азия" тобының орындаушылары бар.

Бұл жағдайға қатысты аты аталған өнер иелері жеке парақшаларында "тіс жармаған".

Ал әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары карантин талабын сақтамай, той үстінде бір біріне жұдырық ала жүгіргендерді жерден алып, жерге салуда.

"Не деген масқара", "Адамдар жауыз болып барады", "Бұл бірінші бөлім, ертең екінші бөлімінде әнілеріміз кешірім сұрайды", "Осылардың төбелесі біте ме, өзі?!", "Карантин талаптарын неге сақтамайды", деді олар.

Пікір білдіргендердің арасында жанжалды "жаңа жылдық қойылым", "пранк", "хайп", "қара пиар", "киноның түсірілімі" дегендер болды.

Әзірге жаппай төбелестің қай жерде өткені, оның қалай аяқталғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888905-ne-degen-maskara-zelide-tanymal-nsiler-katyskan-tbelesti-videosy-tarady/

pixel