RU

"Сол баяғы Мөлдірмін ғой": Әуелбекова өнердегі әріптестеріне не үшін өкпелі

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова образын өзгерткелі желідегі достарының азая түскенін айтты. Бүгінде хиджабпен өнер көрсетіп жүрген әнші есімі мен сырт болмысы өзгерсе де, өзі өзгермегенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Екінші мәрте тұрмысқа шығып, образын түбегейлі өзгерткен Мөлдір Әуелбекова өнердегі әріптестеріне ренжулі екенін жасырмады. Эстрада жұлдызының айтуынша, хиджаб кигелі кейбір әртістер оның желідегі парақшасын оқуды қойған.

Белгілі болғандай, өкптеген шоу-бизнес өкілдері оны Instagram-да достарының тізімінен шығарып тастаған. Мөлдір Әуелбекова бұл мәселеге қатысты бар назын өзінің жеке парақшасында жеткізді.

Онда ол киіну үлгісі мен есімі өзгергенімен өзі сол бұрынғы қалпында қалғанын ақталып жазған.

"Мен жайлы. Негізі, әуретімді жауып образымның сәл-пәл өзгергені болмаса, дауысым сол баяғы жоғарғы екінші сопрано ғой. Қасымның өскені болмаса, түрім сол баяғы "әдемі қыз" ғой. Әріптестерімнің көбісі отписка жасағаны болмаса, адал оқырмандарым сол баяғы 2.800.000 ғой. Ең маңыздысы, күйеуім Айша деп еркелеткені болмаса, сол баяғы Мөлдірмін ғой" , - деп жазды Әуелбекова.

Айта кетейік, екінші рет тұрмысқа шыққаннан кейін Мөлдір Әуелбекованың өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер орын алған болатын. Бұған дейін түрлі есте қаларлықтай образдарда өнер көрсеткен әнші оранып, хиджаб кие бастады.

Содан кейін эстрада өкілі тіптен өзінің есімін Мөлдірден Айшаға ауыстырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888933-sol-baagy-mldirmin-goj-uelbekova-nerdegi-riptesterine-ne-sin-kpeli/