Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орамалын тастап": Ақбота Сейітмағамбет ашық образы үшін елден оңбай сөз естіді

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

"Кешью" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Ақбота Сейітмағамбет образын қайта өзгертіп, елдің аяусыз сынына ұшырады. Ажырасқан соң басына орамал тартып, хиджаб киіп кеткен әнші енді керісінше ашық киім үлгісіне көшкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде тағы да қызу талқыға түсті. Бір айға жуық уақыт жабық киініп жүрген өнер иесі орамалын шешіп, денесін ашып тұратын образдарды кие бастаған.

Эстрада жұлдызының жариялаған соңғы суреті қалың көпшіліктің наразылығын тудырып, оны сынға ұшыратқан. Фотода шоу-бизнес өкілінің іші көрініп қалған киіммен тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің хиджабты бір киіп, бір шешкеніне ашуланған. Олар Ақбота Сейітмағамбеттің бұл әрекетіне қатысты азулы пікірлерін жарыса жаудырған.

"Саған не болған?" , "Түске дейін имам, түскен кейін Иван болып кеттіңіз ба?" , "Орамалың қайда? Бітті ма жабық жүрген күндерің?" , "Хиджабты бір киіп, бір шешіп ойыншық қылды" , "Сөзім жоқ. Ұят қайда" , "Осылай жүре берсең бұзыласың" , "Орамалды хайп үшін тақтың ба?", "Бара бара матаңыз азайып бара жатыр. Орамал шешіп едіңіз, кетті ғой" , "Бірде оранасыңдар, бірде шешінесіңдер. Не заман болып кетті" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет халықты таңғалдырып, басына орамал тартып, хиджаб киіп кеткен болатын.

Кейін бір айға жетпей, әнші шашын жайып жүре бастаған. Ол ақыр-соңы орамалын шешіп, өзінің қалыпты образдарына оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889362-oramalyn-tastap-akbota-sejitmagambet-asyk-obrazy-sin-elden-obaj-sz-estidi/

pixel