"10 ай бірге тұрдық": Жәния Джуринская жеке өмірін не себепті жасырып жүрген
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестің жұлдызы Жәния Джуринская жеке өміріне қатысты бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті. Танымал актриса сүйіктісімен арақатынасын ұзақ уақыт бойы жасырып жүрген болып шықты. Қос ғашық үйленіп отбасын құрмай тұрып, 10 ай бірге тұрған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жәния Джуринская мен Данияр Хизметовтың махаббат хикаясы көпшілік ойлағаннан да ертерек басталған. Карантин кезіндегі түрлі күлкілі видеоларының арқасында танымалдылығы артқан жұлдызды жұп оқырмандарын бастапқыда алдағаны белгілі болды. Олар араларында махаббат бар екенін соңына дейін растамай, барынша жасыруға тырысқан.
Алайда, каратин режимі енгізілген соң, Жәния мен Данияр көпшілікке бұл жаңалығын паш етуге бекінді. Жұлдызды жұп үйленбей тұрып, 10 ай бойы бірге бір шаңырақ астында тұрып көрген. Бұл туралы олар "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.
"Иә, біз өтірік айтып келдік. Біз вайн түсіре бастаған уақытта қарым-қатынаста едік. Бірге тұрып жатқанбыз. Бір нәрсемен айналысып жүріп, біреумен кездескен әлдеқайда жеңілдірек секілді. Ал енді 24 сағат бойы сен бір адаммен болу - біз сияқты белсенді адамдар үшін нағыз сынақ. Біздің мысалымызда бәрі өте жақсы болды. Карантин жеңілдеген соң, біз бірден үйленуге шешім қабылдадық. Менің бағым бар екен. Даниярдың ата-анасы - алтын кісілер.Олар маған келін ретінде емес, қызы ретінде қарайды. Еркелетеді, көп нәрсеге рұқсат етеді. Мен орамал тақпаймын, бөлек тұрамыз" , - деп ағынан жарылды Жәния Джуринкая.
Айта кетейік, танымал әзілкеш Данияр Хизметов Стамбұл қаласында сүйіктісі Жәния Джуринскаяға үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған. Ол ғашығы екеуі үшін аса ерекше сәтке нағыз романтикалық жерді таңдаған.
Қазақстанға оралған бойда қос ғашық екі жақ ата-ананы таныстырып, кішігірім құдалық өткізді. Артынан олар тек ет-жақындарын жинап, мешітте некелерін қидырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889994-10-aj-birge-trdyk-znia-dzurinskaa-zeke-mirin-ne-sebepti-zasyryp-zrgen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.