RU

"Айтатын уақыт келді": Динара Қырықбаева ажырасып кеткенін растады

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Отандық танымал әнші Динара Қырықбаева отбасылық өмірінде орын алған өзгерістеріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі жолдасымен ресми түрде ажырасып кеткенін алғаш рет растады. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар осыдан бір жыл бұрын айырылысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева желіде өзінің жеке өміріне қатысты қауесеттер толастамай қойғандықтан, бұл мәселеге өзі нүкте қоюды ұйғарған. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында оқырмандарының алдында барынша ашылып, жан сырын ақтарды.

Ол үш перзентінің әкесімен ажырасып кеткенін ресми түрде мәлімдеп, онымен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты. Әншінің сөзінше, олар балалары үшін жақсы достықты сақтап қала алған.

"Сіздерге айтатын уақыт ат келді. Күнделікті жекеме жолдасым жайлы сансыз сұрақтар жолданып жатады. Сол себепті, түрлі парақшалар сөздерімді өзгертіп тастамас үшін, мен осы жерде сіздерге бар шындықты өзім айтамын деп шештім.

Біз 5 жыл бірге болдық. Керемет үш перзентіміз бар. Аллаға шүкір. Оларды сондай қатты жақсы көреміз. Алайда, кейбір жағдайларға байланысты бір ажырасып кеттік. Айырылысып кеткенімізге бір жыл болды. Біз жақсы қарым-қатынастамыз. Бір-бірімізге әркез көмектесуге де, қолдау білдіруге де дайынбыз. Біз балаларымыз үшін мәңгіге ата-ана болып қаламыз.

Менің және балаларымның жағдайы жақсы, уайымдамаңыздар. Мені бұрыннан білетін жандар мен хайп дегенге жақын емес екенімді жақсы біледі. Сол себепті, бар шындықты айтып отырмын. Бұл мәселе осымен жабық. Оған қатысты енді ешқандай пікір білдірмеймін. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет" , - деп жазды Қырықбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890060-ajtatyn-uakyt-keldi-dinara-kyrykbaeva-azyrasyp-ketkenin-rastady/