Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова жұмыс орнынан ет ұрлаған кезін есіне алды

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жас кезінде ет комбинатында жұмыс істеген кездерін есіне алып, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Қайрат Нұртастың анасы жұмыс орнынан ет ұрлап, айыппұл төлегенін айтып берді болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова белгілі журналист "Еуразия бірінші" арнасында "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат беріп, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін мәліметтерді жайып салды. Белгілі продюсер жастық шағына шолу жасап, басынан өткен қызықты жағдайларды еске алды.

Қайрат Нұртастың анасы бүгінгі танымалдылық оңайшылықпен келмегенін алға тартып, қатты қиналған кезі болғанын жоқа шығармады. Ол бүгінде көпке сыйлы продюсер болғанымен, еңбек жолын ет комбинатында бастаған екен.

Айдарбекова оқудан құлап қалған соң, сол жерге жұмысқа кірген. Алайда, бірінші аптасында-ақ ол келеңсіз оқиғаға тап болады. Хитменнің анасы жұмыс орнынан ет ұрлап ұсталып ұятқа қалған.

"Мен оқудан құладым. Сол кезде әпкем мені ет комбинатына жұмысқа орналастырған еді. Ол кезде ол кісі тірі еді. Әпкем сол жерге өзі апарып, өзі жұмысқа тұрғызды. Мені етті реттейтін бөлімге алып барды. Ол жерде кемінде 200 әйел жұмыс істейді. Олар етті таразыға салып, өлшеп, сүйектерін орайтынбыз. Екінші күні комбинат басшылары кіріп келіп, мені және тағы бір қызды саусағымен көрсетті. Бізді шақырып, тез жиналуымызды сұрады.
Бізді басқа жаққа ауыстырмақ болды. Нәтижесінде біз тұшпара цехына бардық. Сосыны қарасам, барлығы ет алып жатыр. Мен үйге ет алып кетуге болады деп ойлап, олардан қалыспай өзіме де салып алдым. Үйге кетіп бара жатқанда қарауылдар сөмкемде ет жатқанын көріп, бірден маған 50 сом айыппұл салды. Сөйтсем, ет алып жүргендер күндіз 1 сом, кешке 3 сом беріп өтеді екен" , - деп айтты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890154-glzira-ajdarbekova-zmys-ornynan-et-rlagan-kezin-esine-aldy/