"Жүйке жүйесі тексерілсін": Әбдікәрімова білім министріне ұсыныс айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова балабақшада бүлдіршінге зәбір көрсеткен тәрбиешінің видеосына пікір білдіріп, соның аясында мектепке дейінгі мекеме мамандарына қатысты мәселені көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тележүргізуші білім және ғылым министрлігіне бұл жағдайдың болашақта қайталанбауы үшін не істеу керектігі жөнінде өз ұсынысын жеткізді. Әбдікәрімова Instagram желісінде жазба жариялап, көпшілік наразылығын тудырған видеоға қатысты пікір білдірді.
"Баланы кімдер тәрбиелеп жүр?! Видеоны толық салуға жүрегім дауаламады. Сөз етіп, талқыға да тастамаймын. Тәрбиешінің ісіне баға беруден де аулақпын, үкім шығаратын құзырлы органдар бар. Төрт бала тәрбиелеп отырған ана ретінде білім және ғылым министрлігіне балабақша, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласында мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде дипломы мен құжаттардан бөлек, стресске төзімділігін, жүйке жүйесін, аналық-ұстаздық мейірім мен өзге де адами құндылықтарын анықтайтын бірнеше этаптан тұратын қатаңдатылған жүйе орнатса деген ұсыныс айтқым келеді.
Себебі мұндай жағдай елімізде алғашқы не соңғысы емес. Сондықтан мәселені жеке бір адамды не білім мекемесін жазалау арқылы шешіп қана қоймай, жағдайдың қайталанбауы үшін алдын-ала қамданып, қадам жасау қажет дер едім. Барлық ата-ана балалары үшін таңнан кешке дейін жұмыста. Ал балалары қандай тәрбиешінің қолында.... Көпке топырақ шашпаймын, маңдай терімен бар мейірімін төгіп жүрген ұстаздар да бар. Тәрбиешілердің жалақысын көбейтіп, мүмкін статусын арттыру керек шығар. Бала болашағымыз дейміз, ендеше болашаққа балабақшадан балта шаппайық" , - деп жазды Қайрат Нұртастың жары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890177-zjke-zjesi-tekserilsin-bdikrimova-bilim-ministrine-synys-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.